• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:46:56
Алматы
+35°

20 Қазан, 2017 NEWS

Алимент төлемеген қазақстандықтар жүргізуші куәлігінен айырылады

Қазақстанда алимент төлемеген әкелерді жүргізуші куәлігінен айыру туралы шешім шықты.

Қазақстанда алимент төлемеген әкелерді жүргізуші куәлігінен айыру туралы шешім шықты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Курсив сайтына сілтеме бере отырып жазады.

Республикалық әкелер форумында сөз сөйлеген ҚР Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары Елена Тарасенко  бүгін елімізде жалпы борышкерлер тізімінде тұрған ер азаматтарға қарсы шектеу шаралары іске асырып жатқандығы жөнінде айтты.

«Шешімде мынадай шектеулер қойылады:  лицензия берілмейді  және тоқтатылады, ерекше құқықтарынан айырылу, электронды саудада мүлікті реализациялауды болдырмау. Оған қоса жүргізуші куәліктерін тоқтату»,-деді Елена Тарасенко.

Тарасенко мәлімдемегсіне сүйенсек, соңғы екі жылда 14,5 мың борышкер өз міндеттерін өтеу үшін жұмыспен қамтылған. Ал жалғызбасты аналар алимент төлеуге тиісті әкелер жөнінде ақпарат жинамайтын болады.

Елена Тарасенконың айтуынша, республикамызда ажырасу тенденциясы жоғары және некесіз туылған балалардың саны көбеюде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір