• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 17:37:44
+35°

20 Қараша, 2018 Спорт

Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес спортқа құлшынысы туралы айтып берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі BoxingScene.com сайтының дерегін негізге алып. 

"Мен әрдайым өзімді мықтымын деп есептейтінмін.  Ал қазір жағдайым тіптен. Бокста ең мықты болу үшін тер төгіп жүрмін. Ал P4P рейтингіне кіргізе ме, жоқ шығарып тастай ма белгісіз. Бұл мені алаңдатпайды. Мен жеткен жетістігіме, айналысып жүрген ісіме қуанамын. Үнемі айтатыным, құр сөздің қажеті жоқ. Мен бос сөйлеп, қарсыластарыма хабарлама жіберуді ұнатпаймын. Себебі мен салмақты адаммын. Ал мен туралы айтқан пасық сөздерге қатысты ештеңе айта алмаймын. Не деймін, соңғы жекпе-жегімде кім екенімді дәлелдедім. Ал өсекшілердің аузын дәлелмен жабу — керемет сезім", - дейді Альварес. 

Естеріңізге сала кетейік, Головкин 15 қыркүйекте өткен жекпе-жекте мексикалық Альварестен  жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір