• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:01:39
Алматы
+35°

03 Қыркүйек, 2018 NEWS

"Алтын белгі" иегері өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ақтөбеде №19 мектептің бітіруші түлегін өлтірді деген «Алтын Белгі» иегеріне қатысты сот отырысы өтті.

Ақтөбеде №19 мектептің бітіруші түлегін өлтірді деген «Алтын белгі» иегеріне Бекназға қатысты сот отырысы өтті. Полиция қызметкерінің ұлы тамағына тиген пышақ соққысынан кейін қаза тапқан деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі aktobetimes.kz сайтының дерегін негізге алып. 

31 тамызда осы іске қатысты алдын ала сот тыңдауы өткен болатын. Сот отырысында күдікті К.Бекназға алқибилер алқасын пайдалану ұсынылғанмен ол одан бас тартты. Сотталушының заңгері сот отырысында екі қыз бен сыныптастарын қылмыстық іс бойынша амбулаторлық картаға тіркеу арқылы шақыруды сұрады. Бекназ төбелес кезінде жарақат алғанын және мұғалім мен оқу ісінің меңгерушісінен өзінің сипаттамаларын алып, әлеуметтік желіде соңғы рет кіммен сөйлескені, телефон жазбасын сот ісіне қосуды сұрады. 

Еске салсақ № 19 мектептің оқушысы Азат Дүсіпов 17 маусымда «Ақтөбе» - «Ордабасы» футбол ойынан кейін өлтірілген.

Азаттың достарының айтуы бойынша, жәбірленуші мен күдікті де сол күні Орталық стадионда болған, бірақ бірін-бірі танымаған. Екеуінің арасындағы кикілжің түнгі сағат 12 шамасында Түрген көшесінің бойындағы жатақхана ғимаратының артында болған. Төбелес болған жерде бақылау камералары болмапты..

Тамаққа тиген пышақтан 17 жастағы мектеп түлегі Облыстық клинакалық балалар ауруханасында қайтыс болған. 

К.Бекназға туған күні 8 тамызда айып актісі тапсырылды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі, 9 және 14-тармақтары бойынша («Кәмелетке толмаған адамды бұзақылық ниетпен өлтіру») айып тағылды. Кінәсі дәлелденсе, осы бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Сонымен бірге марқұмның әкесі Ақтөбенің полиция қызметкері болып жұмыс істейтіні сотта айтылды.  Басты сот отырысы 2018 жылы 3 қыркүйекте өтеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір