• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:04:30
Алматы
+35°

28 Қыркүйек, 2018 Экономика

Альтернативалар бар, үміт бар, бірақ оңай болмас...

Соңғы төрт жылда Қазақстанның экономикалық даму қарқыны баяулады.

Соңғы төрт жылда Қазақстанның экономикалық даму қарқыны баяулады. Екі жыл (2015, 2016 жж) экономикалық дағдарыста болды: Қазақстанның Ішкі Жиынтық Өнімі (ІЖӨ, орысша-ағылшынша JDP, ВВП). Мәселен ІЖӨ өсімі: 2015 жылы 1,2% болып, ал 2016 жылы 1,0% болған екен. Бұл өте төмен көрсеткіш еді. Әлемдегі отыз дамыған ел қатарына қосылу үшін төрт пайыздық өсім керек. Осы екі сәтсіз екі жылдың әсерінен біздің экономика әлемдегі 42-орыннан 58-орынға түсіп кетті. Жағдайды түзетуге 2016 жылдың 9 қыркүйегінен премьер-министр болып Сағынтаев тағайындалды. Forbes.kz баяндауынша, жағдай тіпті мәз болмапты: 2015 жылы ІЖӨ 16,7 пайызға түскен. 2013 жылмен (13 891 доллар) салыстырғанда ІЖӨ бір жанға шаққанда 24,3 пайызға қысқарып, 10 510 долларлы құрады [https: //forbes.kz/ massmedia/ ekspert_vvp_kazahstana _v_2016_upal_na_27/].

Сағынтаевтың келуімен жағдай күрт түзелді, бірақ өсім ұзаққа созылмады. 2017 жылы Қазақстан экономикасы 4% өсті. Бұл әлемдегі орта қарқын 3.8% жоғары еді.[ Қазақстандағы ІЖӨ өсімі 2017 жылы 4 пайызды құрады – Тимур Сүлейменов. https://www.inform.kz/ru/rost-vvp-kazahstana-v-2017-godu-sostavil-4-timur-suleymenov_a3119213] .

2018 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанның ІЖӨ одан да тамаша болып келе жатыр еді (4.1%), бірак локалды банк дағдарысы қылаң етті де банк отырып қалды, ал үшінші банк мемлекет қаржысымен қайта аяққа тұра бастады. Бұл жағдай Қазақстанның ІЖӨ кері әсер етеді.Яғни біздің экономика әлемдегі 55 орыннан сәл алдығы жылжуымыз ықтымал, бірақ алдыдағы үш айдың нәтижесін көрейік. Жақсы жаңалықтар да бар-мұнайдың бағасы өсті, уран кен байлығын мен металл сату өсті, бидай нарығы көтерілді. Уран алушы нарығымыз-Қытай. Жалпы металл экспорты.

Тағы бір позитивтік фактор: өндірістің өнімді қосымша өңдеу саласы қолға алына бастады.[... өңдеу өнеркәсібі 6,2% -ға өсті. Экономикалық ведомствоның мәліметі бойынша, қағаз өнімдерін, химия өнеркәсібін және фармацевтика өндірісін екі есе өсіру байқалады. https: //ru.sputniknews.kz/ economy /20180417/ 5316699/kazakhstan-ehkonomika-stabilnost.html]

Соңғы екі жылдағы Қазақстан экономикасының өсуіне бюджеттік қаржылар үй құрлысына жұмсалып жатыр. Бірақ үй құрлысы ұдайы экономиканы көтере бермейді.Бұл ресурстың да шегі бар.

Сонда экономиканың ұдайы өсуін қамтамасыз ету үшін не істеу керек? Не қажет? Жауап реформалар қажет. Ол реформалар кім жасайды? Менің ойымша, Президенттің қолынан кезекті реформалар келеді. Уәждер: Президенттің 1990 жылдардағы Премьер –Мининистр Қажыгелдинмен жасаған радикалдық экономикалық реформалар ауыр болса да, Қазақстан экономикасын еселеп өсірді. Назарбаев – технократ ,бірақ пластикалық, икемді тұлға, сәтті және батыл реформалар жасау тәжірибесі бар. Оның тағы да реформаларға бару ықтималдығы бар.

Бүгінгі күні құқықтық және саяси реформалар қажет-басқа альтернатива тоқырау, стагнация , үлкен экономикалық , әлеуметтік тіпті саяси дағдарыс болуы да мүмкін.

Әзімбай ҒАЛИ

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір