• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:25:53
Алматы
+35°

17 Қазан, 2018 NEWS

Алматының тұрғындар саны бір жылда 3,2 пайызға артқан

Биыл 1 қыркүйектегі халық санағы бойынша Алматы қаласы тұрғындарының саны 1 миллион 839 мыңға жеткен.

Алматы қаласының тұрғындар саны 2017 жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға өскен, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласының аудандық коммуникация қызметінің статистика департаментінің басшысы Қарағұлов Бағлан Абайбекұлының мәліметіне сүйене отырып.

Қарағұлов Бағлан Абайбекұлының айтуынша, Алматы қаласының демографиялық жағдайы тұрақты. Жыл санап Алматының демографиялық ахуалы жақсарып келеді.

Биыл 1 қыркүйектегі халық санағы бойынша Алматы қаласы тұрғындарының саны 1 миллион 839 мыңға жеткен. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға көп.

Бағлан Абайбекұлының айтуынша, Алматының демографиялық ахуалы тұрақты. Алматы қаласы тұрғындарының саны Қазақстандағы барлық халық санының - 10 пайызын құрайды. Демографиялық ахуал бойынша Алматы облысы (11,1%) мен Солтүстік Қазақстан облысы (10,7%) көшті бастап тұр.

Айта кетейік, 2018 жылдың қаңтар-тамыз айында жүргізілген есеп бойынша қаладағы халық саны  - 36936 адам. Оның табиғи өсімі - 38,5% (14,2 мың адам), миграция - 61,5% (22,7 мың адам). 2017 жылмен салыстырғанда халықтың табиғи өсімі 4,8%-ға, ал миграция 27%-ға өскен.

2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында 10,8 мың жұп некеге тұрған. 4,7 мың жұп ажырасқан. 2017 жылмен салыстырғанда  отбасын құратындардың саны 2,3% азайған. Ал ажырасу 9,1% көбейген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір