• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:51:03
Алматы
+35°

13 Қыркүйек, 2017 NEWS

Алматының қоғамдық көліктері бір жарым айда 2 млрд. теңге пайда тапты

Осы айдың 12 күнінде автопарктер түсімі 543 млн. теңгеге жетіп, «ОҢАЙ» картасымен жасалған транзакциялар көлемі 9 миллионға жуықтаған

Алматыда 1 тамыздан бастап қоғамдық көліктерде сараланған тариф енгізілген болатын. «Оңай» ЖШС бүгін автопарктерге түсетін 1 млрд. теңгеден астам түсім көлеңкелі айналымнан шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Алматылықтар арасында «ОҢАЙ» картасын қолданушылар саны 3,5 есеге артқан. «Оңай» ЖШС-нің мәлімдеуінше, сараланған тариф енгізілгелі бері бір жарым ай ішінде автопарктерге 2 млрд. теңгеге жуық түсім түскен. Қыркүйектің 1-і мен 12-сі аралығындағы транзакциялардың жалпы көлемі 28,2 млн. теңге болды. Бұл шілде айындағы көрсеткіштен 139 пайызға (11,8 млн. теңгеге) жоғары.

Осы айдың 12 күнінде автопарктер түсімі 543 млн. теңгеге жетіп, «ОҢАЙ» картасымен жасалған транзакциялар көлемі 9 миллионға жуықтаған.

«Соңғы мәліметтер сараланған тариф енгізу шешімінің қаншалықты маңызды болғанын дәлелдеп отыр. Қазір автопарктердің шынайы қаржылай айналымы мен жолаушылар тасымалының нақты көлемін көріп отырмыз. Қала әкімшілігіне жіберілетін бұл мәліметтер Алматы қаласының қоғамдық көлік саласын дамытуға септігін тигізеді», - деді «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС директоры Садир Хамраев.

Сараланған тариф енгізілгенімен, 80 теңге көлеміндегі негізгі жолақы бағасы өзгеріссіз қалып, барлық жеңілдіктер сол қалпында сақталды.

Еске салсақ, 1 тамыздан бастап Алматының қоғамдық көліктеріне сараланған тариф енгізілді. «Оңай» картасын қолданушылар 80 теңге төлесе, қолма-қол есеп айырысу 150 теңгені құрайды. Бұл ретте, «Оңай» картасы арқылы барлық жеңілдіктер сақталған.

Айта кетер болсақ, Алматылық компанияға “Онай” төлем жүйесі қолданысқа түскен алғашқы бес күнде 140 млн теңге табыс әкелген болатын. 

Сараланған тариф енгізілген екі аптаның ішінде «Оңай» картасы арқылы 7 584 651 транзакция жасалған. Бұл сараланған тариф енгізілгенге дейінгі  көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге артық болды. Сондай-ақ жаңа тариф енгізілгеннен бері бері қолма-қол есеп айырысу төрт есеге азайған.

Карта пайдаланылған алғашқы үш күнде қалалық жолаушылар тасымалы өкілдері кірістерін 60 пайызға төмендетіп алған. Автопарк жетекшісінің айтуынша, “оңайдың” айналымға шығуы оларды банкротқа ұшырата жаздаған.

Жаңа төлем жүйесін енгізу арқылы қала басшылығы автобустар мен троллейбустер паркін жаңартып, жолаушылардың қаржысын жеке парк басшылығы мен жүргізушілердің қалтасына емес, жолдарды абаттандыруға бағыттаған болатын.

Бұл карта қоғамдық көліктің барлық түріне жарамды болып табылады. Мектеп оқушылары, студенттер мен зейнеткерлер үшін жеңілдіктер қарастырылған. Олар жол ақысының 50 пайызын ғана төлейді. Ал жасы 75-тен асқан қарттар мен соғыс ардагерлеріне тегін. Қазір 50 пайыз жеңілдігі бар бірыңғай карталардың 214 мың сатылған. Бірақ бұл төлем жүйесіне көңілі толмайтындар да бар. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір