• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:41:11
Алматы
+35°

30 Қыркүйек, 2018 Аймақтар

Алматының ең үздік аула тазалаушысы анықталды

Алматыда «Ең үздік аула тазалаушы 2018» жыл сайынғы байқауы аяқталды

16 қыркүйекте Алматы қаласының күнін тойлау кезінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағында «Ең үздік аула тазалаушы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Мегаполис тұрғындары күнде қаланың тазалығын сақтауға тікелей ат салысып жүрген аула тазалаушылармен танысып, олардың ауыр жұмысы үшін алғысын білдіруге мүмкіндік алды.

Байқау 6 жыл қатарынан жүлдегерлер мен жеңімпаздарды таңдап, гүлзарлар мен жасыл көшеттерді тегістеп, шарбақ пен жиектасты сырлап, ауланы таза ұстап жүрген аула тазалаушыларды 6 жыл қатарынан марапаттап келеді. Жыл сайынғы байқауды «Нағыз алматыша» қоғамдық қоры «Эфес Қазақстан» ШС АҚ-ның демеушілік қолдауымен ұйымдастырады.

«Эфес Қазақстан» ШС АҚ корпоративтік қатынастар департаментінің директоры Шыңғыс Қаскеев биыл диплом мен ақшалай жүлдені байқау жеңімпазы Розакова Тоқтыханға табыстады. Бұл нәзік келіншек оның ауласы ең таза екенін талай мәрте дәлелдеп келеді. «Менің жұмысым маған үлкен жауапкершілікті артады. Аула тазалаушы – бұл жақсы кәсіп, негізі оған көбісі мән бере бермейді. Ауланы тазалап, оған қараған кезде көзің қуанады. Кейбір тұрғындар тазалық үшін рахметтерін де айтып тұрады. Мен өз жұмысымды жақсы көремін».

Екінші орын үшін диплом мен ақшалай жүлдені Говоров Андрей иеленді. Жастайынан мүгедектікке шалдыққан ол өзіне тапсырылған аумақты мінсіз тазалықта ұстап, өз жұмысын ұқыптылықпен, үлкен ықтиярмен атқарады. Үшінші орын үшін үш жүлде Ұшыров Шәрипке, Әбімов Амангелдіге, Лазарева Галинаға табысталды.

«Ауданның ең үздік аула тазалаушысы» атағы, сыйлық сертификаты және диплом биыл келесі жұмысшыларға табысталды:

аудан

аула тазалаушы

ПИК

1

Түрксіб ауданы

Балтабаева Ғалия Тұрсынқызы

«Нұр»

2

Наурызбай  ауданы

Янкина Надежда Ивановна

«Шахнур»

3

Әуезов  ауданы

Жанжігітов Орынбай Қалықұлы

«Мамыр 7»

4

Жетісу  ауданы

Плехова Ирина Владимировна

«Нефтебаза 137»

5

Алмалы  ауданы

Жанұзақов Бердіғали

«Уалихан»

6

Алатау  ауданы

Сарымамедоглы Мамед

TOO «Ayt Facility Management» ЖШС

7

Бостандық  ауданы

Жарлығапов Әсет Жарлығапұлы

«Орбита 1»

8

Медеу  ауданы

Жанұзақов Қазбек Баймолдыұлы

«Академик»

 

«Эфес Қазақстан» компаниясы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке үлкен көңіл бөледі. Мәселен, «Ең үздік аула тазалаушы» жобасын біз 6 жыл қатарынан қолдап келеміз. Жобаның басты мақсаты – біздің сүйікті қаламыз Алматының тазалығын сақтауға тікелей үлесін қосып жүргендерді ынталандыру, - деп атап өтті Шыңғыс Қаскеев. – Аула тазалаушылардың бірнеше айлығы көлеміндегі елеулі ақшалай жүлдеге қоса, біз жеңімпаздарды салтанатты ортада марапаттап, осылайша оларға деген үлкен құрметімізді білдіргіміз келеді».

Ауқымды байқаудың бірінші кезеңі 15 мамырда басталып, 15 маусымға дейін жалғасты. 200-ден аса өтінім жиналды. Екінші кезең, яғни дауыс беру 15 маусым – 15 тамыз аралығында өтті. Әрбір кезеңде алматылықтар олардың ойынша ең үздік аула тазалаушыға өз дауыстарын берді. 70 000-нан аса дауыс жиналды. Байқаудың үшінші кезеңінде «құпия тексеруші» екінші кезеңде ең көп дауыс жинаған аула тазалаушылардың 30 ауласын тексеріп шықты. 11 қыркүйек күні комиссия отырысында жеңімпаздар анықталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір