• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:41:05
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2018 Аймақтар

Осы аптада Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері "Ұйымдарда әскери есепке аллуды жүргізу" тақырыбында семинар ұйымдастырды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Әскери есепке алу тәртібін айқындайтын негізгі нормативтік құқықтық құжат пен әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі подполковник Миxайличенко Егорь түсіндірді. Семинардың мақсаты мен міндеті - Әскери есепке алудың мақсаты мемлекеттің қорғанысын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілерді тиімді пайдалану мүдделерінде олардың бар болуын айқындау. Семинарда мынадай мәселелер қамтылды: - әскери есепке алудың түрлері; - азаматтардың Әскери қызмет туралы заңды және Әскери есепке алу қағидаларының орындауына бақылау; - Т-2 жеке карточкасын рәсімдеу және толтыру; - "әскери міндеттілермен әскери жиындарына" ұйымдардың қызметкерлерін тарту тәртібі. Сонымен қатар аталған семинарға 5000 адамды құрайтын ірі компаниялар мен ұйымдардың басшылары мен кадр бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Атап айтатын болсақ, "Алматы Энергетика және байланыс университеті" АҚ, Санкт-Петербург университеті, "Алматы жылыту желісі" ЖШС, "Евразия Фудс Корпорейшн" АҚ, “Galanz bottlers” АҚ, "Амрита Сауда үйі" ЖШС лауазымды тұлғалар қатысты.

Семинарда ұйымдардың басшылары жеті жұмыс күнінің ішінде жергілікті әскери басқару органдарына әскери міндеттілердің, әскерге шақырылушылар мен әскерге шақыру жасына дейінгілердің сандық және сапалық құрамын растайтын құжаттарды ұсыну керектігі айтылды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 642- бабына сәйкес Бастапқы әскери есепке қоюға не әскерге шақыру учаскелерiне тiркелуге жататын азаматтардың тiзiмдерiн белгіленген мерзімде жергiлiктi әскери басқару органына ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау - ұйымдардың, оқу орындарының лауазымды адамдарына, сондай-ақ тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне – он, ұйымдардың, оқу орындарының бірінші басшыларына – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертті.

Алдағы уақытта да осындай семинарлар өткізілмек.

Алматы облысы

Қарлығаш Мұсабекқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір