• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 20:06:26
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2018 Аймақтар

Алматының 2018 жылғы бюджеті нақтыланды

Бюджетті оңтайландыру жұмыстарын жүргізу және салық түсімінің артуы арқасында қосымша 64,7 млрд. теңге қарастырылды

VІ шақырылымдағы қала мәслиха­тының ХXVІІ сессиясы барысында Елба­сының биылғы Жолдауы мен Бес әлеу­меттік бастамалары аясында Алматы қала­сының 2018 жылғы бюджеті нақтыланды. Бюджетті  оңтайландыру жұмыстарын жүргізу  және салық түсімінің артуы  арқасында қосымша 64,7 млрд. теңге қарастырылды.

Мегаполистің бұл жолғы бюджеті  маңызды  жобаларды ескере отырып, барын­ша  әлеуметтік сипатқа ие болмақ. Дәлірек айтқанда, Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыруда «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы биыл да жалғасын табады. Жас отбасылардың алғашқы жарнасыз және 5 пайыздық несиемен тұрғын үй алуы үшін 2 млрд. теңге бөлінеді.

2859 баланы қамтитын жекеменшік балабақшаларда мектеп жасына дейінгі білім беруде мемлекеттік тапсырысты ұлғайтуға 850 млн. теңге бөлінді. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың 4 мыңнан астам балалары жазғы демалыс­тарға жіберіледі.

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне Жеңіс күні қарсаңында бір рет берілетін әлеуметтік көмектің көлемі 150 мыңнан 250 мыңға дейін, ал оларға теңестірілгендерге 30 мыңнан 50 мың теңгеге дейін көбейту қарастырылған. ҰОС ардагерлеріне ай сайын көрсетілетін көмек ретінде комму­налдық қызмет ақысын төлеу 5,5-тен 6,5 АЕК-ке жеткен. Әлеуметтік жағынан аз қам­тылған азаматтардың үйіне газ тарту (жеке үйдің иесі) бір нүктеге кететін шығын­ды бір реттік 100 пайыз көлемінде өтеу қарастырылған. Жұмыспен  қамту бағдарламасы бойынша жыл аяғына дейін 3 мыңнан  астам адам жұмыспен қамта­масыз етілмек. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру барысында биылғы жылы мектептер жедел интернетпен және компьютерлік техникамен 100 пайыз қамтылады. Қаланың барлық  денсаулық мекемелеріне ақпараттық жүйе  енгізіліп, есептеу  формасы қағазсыз форматқа көшіріледі.

Алматы – зияткерлік көлік жүйелерін енгізу және көлік құралдарын ақпараттан­дыру бойынша елімізде алдыңғы қатардан көрінуде. Қазірдің өзінде қала аулалары мен демалыс орындарына 115 мыңнан астам  бейнебақылау камералары орнатыл­ған. Бүгінгі таңда көлік қозғалысындағы айыппұлдар электронды  түрде рәсімделеді. Жыл соңына дейін айыппұл төлеу жүйесі мен қылмыстық істің жартысын элек­тронды форматқа көшіру қолға алынбақ.

«ОҢАЙ» электронды жолақы төлеу бойынша 24 млрд. теңгенің 460 млн. транзакциясы жасалды. «A-Parkіng» жоба­сы  қаланың көлік тұрағының 10 пайызын ғана қамтып отыр. Соның өзінде салық түсімі 6 есеге өсті.  Биыл мегаполисте ақыл­ды бағдаршамды орнату  арқылы жол трафигін басқарудың бірегей орталығын қалыптастыру қолға алынады. Сонымен қатар, сел қаупінің цифрлы мониторингі бойынша ЖСҚ жасалады.

Көлік саласын реформалау аясында үстіміздегі жылы қаланың автобус паркінің үштен бірі жаңарады. Мысалы, «Алматы­электротранс» ЖШС 199 автобус алуға қаржы бөлді. Ал Green Bus company» ЖШС 200 автобусты жаңартса, жеке тасы­малдаушылар 131 қоғамдық көлікті  жаңамен ауыстырмақ. Жалпы, соңғы екі жылдың ішінде қала бағыттары бойынша 500 жаңа автобус жолға шықты. Рейстер­дің жиілігі  90 пайызға артып, автобустар­дың  жүру жиілігі 3 есеге қысқарды.

Қаланы абаттандыру және шаһардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын көркейту аясында орталықтандыру қағи­дасы бойынша Медеу, Бостандық, Түрксіб және Жетісу аудандарының саябақтары ретке келтіріледі. «Yлкен және Кіші Кара­су» өзендерінің жағалауларын, жерас­ты өтпелі жолдарды қайта жасау үшін қаржы бөлінді.

Салыстырмалы түрде өткен жылы 455  аула жөнделсе, 2018 жылы қаланың барлық аудандарында тағы 585  аула жаңарады. Бұдан өзге, «ТҮКШ-ті жаңғырту» жобасы аясында 130 үй кешенді жөндеуден өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір