• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:47:47
Алматы
+35°

05 Сәуір, 2018 NEWS

Алматылықтар аутизмге шалдыққандарға қолдау білдірді

Синдромды ерте анықтау, ата-ананың қолдауы, оқыту өте маңызды. Біздің санамызға төңкеріс керек. Сонда ғана балаларымыз қоғамға тез бейімделетін болады.

Алматыда аутизмі бар балалардың мәселесі талқыланды.

«Милосердие» қайырымдылық қоғамының «Аутизмді жеңеміз» орталығы «Ашық әлем» қорымен біріге отырып, ерекше балаларға ерекше мереке ұйымдастырды. Балалар театр сабағына, спорттық шараларға қатысып, ойын флешмобын ұйымдастырды.

2 сәуір - аутизм

Мамандардың айтуынша, аутизммен ауыратын балалардың қоғамға бейімделуі ортасына тікелей байланысты. «Ашық әлем», қоры келтірген мәлімет бойынша 2017 жылы 3820 адамда, оның ішінде Алматыда - 799 адамда аутизм белгілері анықталған.

«Синдромды ерте анықтау, ата-ананың қолдауы, оқыту өте маңызды. Біздің санамызға төңкеріс керек. Сонда ғана балаларымыз қоғамға тез бейімделетін болады», - деді ата-аналар.

2 сәуір - аутизм

2008 жылдан бері 2 наурызда БҰҰ аутизм ауруына шалдыққандардың күнін атап өтеді. Әлемде 67 млн аса адам аутизм дертіне шалдыққан. Әлемдегі Autism Speaks ұйымының белгісі көк түсті пазл бөлшегі болып табылады.

2 сәуір - аутизм

2010 жылдан бастап «көк түсті жақ» маркетинг акциясы бастау алды. Бүгін де Қазақстанның әр жерінде аутизммен ауыратындарды қолдау акциясы жүріп жатыр.

Аутизммен ауыратын балалар бір сәтке «актер» болды. Ерекше бүлдіршіндер сахнаға шығып, ата-аналарына өнерлерін паш етті. Олар ешкімнен шіміркпестен ән айтып, өлең шумақтарын оқыды. Түрлі кейіпке еніп, қойылымдар қойды. «Аутизмді жеңеміз» жобасының жеткіншектерін Лермонтов атындағы театр актерлары екі ай бойы дайындаған.

«Алғашында балалар бір топта жұмыс істей алмады. Бір бірінен жатырқап, ашыла алмады. Кейін уақыт өте келе, біз олардың шығармашылық қабілеттерін аштық. Қазір өздеріңіз көргендей, бүлдіршіндер көрермендермен жұмыс істеп үйренді. Сахнада өздерін еркін ұстайтын болды. Ата-аналар мұндай жетістікке жететінімізге сенбеді. Бірақ нәтиже жаман емес», - деді М.Ю Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актеры Рауф Хабибуллин.

Ерекше балалар сахнада өнер көрсетумен шектелген жоқ. Жеткіншектерге арнап спорттық ойындар ойнатылды. Ұйымдастырушылар аутизмді жеңудің жалғыз жолы - балаларды бір-бірімен көбірек ойнатып, шығармашылық жағын дамыту керек дейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір