• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:41:48
Алматы
+35°

05 Қыркүйек, 2018 NEWS

Алматылық тиінге Ресейдің көзі түсіп жүр

лып тиін жайлы бар әлем таныды. Бізде де оны жиі талқылайды. Тіпті өнер сүйер қауым арасында оны Ресейге әкелу туралы ұсыныс барын да естіп қалдым.

Алматы қаласындағы «Атакент» сауда орталығының алдына орнатылған тиіннің мүсінін Ресей алмақ.

Бұл туралы қазақстандық және шетелдік сәулетшілер мен дизайнерлер жиналған пресс-конференцияда айтылыпты. Конференция қаланы өзгерту бойынша өткізілген. Дискуссия барысында мамандар дауға айналған тиінді де сөз етті.

«Алып тиін жайлы бар әлем таныды. Бізде де оны жиі талқылайды. Тіпті өнер сүйер қауым арасында оны Ресейге әкелу туралы ұсыныс барын да естіп қалдым», - дейді суретші, дизайнер Андрей Люблинский.

Алматылықтар түгін қалдырмай сынаған тиінді материалдық емес мәдени мұра бойынша ЮНЕСКО сарапшысы, Тенгри халықаралық қор басқармасының мүшесі Евфрат Имамбекке ұнатқан секілді. Бірақ өзі емес, көздері.

«Тиіннің өзі сәл ұсқынсыздау, есесіне көздері әдемі. Дау-дамайға толы болса да тиіннің арқасында бізді әлем танып отыр емес пе?» - деді ол.

Бұған қоса, Алматыда тиіннен бөлек 60 архитектуралық мүсін орнатылмақ.

Айта кетейік, шілденің басында «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығы алдында алып тиін орнатылды. «Тиін» арт нысанын жасап шығарғандар оның құнын да айтып берген еді.

Funk креативті агенттігінің басшысы Майра Измаилованң айтуынша, тиіннің құны 23 миллион теңгеге шыққан. Оның 15 миллионы мемлекет қаржысынан алынса, 8 миллионды агенттіктің өзі шығарыпты.

Ал барлығы 16 арт-нысан болған көрінеді. Бәрінің бағасы 78 миллион теңгені құрады.

Негізінен тиін «Алматы – Жылы қала» жобасы аясында салынған. Авторы британдық танымал қоғамдық паблик-арт суретші Алекс Ринслер. Жоба бастамашыларының пікірінше, алматылық «Тиін» қаланың жаңа көрікті жеріне айналып, тұрғындар мен туристер жиналатын орын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір