• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 01:51:22
Алматы
+35°

15 Тамыз, 2018 NEWS

Алматылық келіншек: түркиялық дәрігерлер баламды бермей жатыр

Консул Антальядағы ақшақұмар аурухана басшылығымен кездесуді ұйымдастырып бермек.

Түркиялық дәрігерлер баламды бермей жатыр!  Алматылық келіншек Дарья Васильева бұқарадан көмек сұрауда. Ол осыдан бір ай  бұрын Анадолы елінде отбасымен демалып жүріп, мерзімінен ерте  босанып қалған. Алайда, сәби шала-жансар туылғандықтан шетелдік  ақ халаттылар оны инкубаторға орналастырып, күніне 3,5 мың доллардан ақша төлеуін талап еткен. Қомақты қаражатты қалтасы көтермеген келіншек амалсыз баласын тастап елге оралды. Бірақ, Түркия тарапы басқа уәж айтып отыр! Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 
 
Оқиға маусымның 29-нан 30-на қараған түні болған. Демалыста жүрген Дарьяның кенеттен іші бүріп сала беріпті. 

Отағасы жедел-жәрдем шақырғанымен бірден келе қоймапты.Таңға жақын өз күштерімен ауруханаға тартып отырады. Алайда, толғағы қысқан келіншек орта жолда  босанып қояды.

«Ауруханаға дейін жетіп үлгермедік.Жанармай бекетінен тоқтадық! Мен сол жерде босандым. Өз бетіммен! Сосын сонда жедел-жәрдем қызметкерлерін шақырттық!» - дейді қала тұрғыны Дарья Васильева.

Шала туған шақалақтың салмағы небары 750 грамм.

Оны түрік дәрігерлері инкубаторға салып, Антальядағы ауруханаға жөнелтеді. Бірақ ондағы бір күндік қызмет құны 3.5 мың доллар. Бұл қаражатты Алматылық отбасының қалтасы көтермейді, ал Түркия тарапы ақшаны төлемесеңдер баланы бермейміз деп қоқан-лоқы көрсетіпті.  

«25 шілде күні мен төлеуіміз тиіс қаражат тұралы мәлімет алдырттым. Оған сай біз клиникаға 15 мың доллар қарыз екенбіз. Ал, біздің медициналық сақтандыру фирмасы бұл шығынды өтеуге қауқарсыз. Неде болса біз баламызды алып кетеміз. Бұл біздің көптен күткен алғашқы нәрестеміз!» - дейді қала тұрғыны Дарья Васильева.

Алайда мәселеге араласқан жауапты министрлік оқиғаның анау айтқандай еместігін хабарлады. Түркиялық дәрігерлер оларға Дарья нәрестеден өзі бас тартқандығын жеткізіпті. Өйткені, шала туған шақалақтың адам болып кетуіне күмәнданған. 

«Қазіргі уақытта бала сол ауруханада жатыр.Жағдайы жақсы!Бірақ, арнайы күтім қажет. Ата-анасы тиісті қаражатты төлегеннен кейін Қазақстанға алып кетуге болады» - ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров.

Келіншектің керағар әрекеті болды ма? Ол жағы әзірге белгісіз. Анығы еліміздің сыртқы істер министрлігі көмек көрсетуге дайын. 

Сондағы консул Антальядағы ақшақұмар аурухана басшылығымен кездесуді ұйымдастырып бермек. Баланың құжаттарын рәсімдеу мәселесін де министрлік өз мойнына алып отыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір