• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:20:40
Алматы
+35°

Интернет - алаяқтық фактісі бойынша 23 жастағы азаматқа қарсы алдын ала тергеу жүргізілуде. Күдікті – Алматы қаласының тұрғыны, А. есімді азамат «Инстаграмм» желісін пайдаланушылардың сеніміне кіру жəне алдау арқылы аңқау азаматтардың ақшаларын иемденіп алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Жұмыссыз ер адам «Olimp_bets_kzzz» атты парақша ашқан, онда ол букмекерлік кеңселерге ставка тігу арқылы ақшаны көбейтіп беруді ұсынған. Бір қызығы, «салған ақшаларын» 10 есеге көбейтіп алғысы келген адамдар, парақшаның əкімшісі айтқандай, ақшаларын мына нөмірдегі «8-700-694-14-52» киви əмиянға салып, мүлдем бейтаныс адамға жіберді. Ақшаны алғаннан кейін, қаскөй, əрине, өзінің «тұтынушыларымен» байланысқа шықпай, оларды бұғаттап тастады. Қазіргі уақытта күдікті А. есімді азаматтың артында 4 қылмыстық эпизод бар. Жалпы алғанда, қаскөй алаяқтық əрекеттері арқылы азаматтарды шамамен 6 миллион теңгеге алдады. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 бабы 4 тармағы 2 бөліміне сəйкес «Алаяқтық жасау немесе пайдаланушының ақпараттық жүйеге деген сенімін асыра пайдалануы» алдын ала тергеу тіркелді»,–  деп хабарлады, Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Есен Ысқақов.

Сонымен қатар, Алматы полициясы əлеуметтік желідегі жоғарыда көрсетілген парақшаның иесінің қылмыстық əрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуларын сұрайды: 298-51- 36; 8-747-818-31-99 немесе 102.

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір