• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:45:56
Алматы
+35°

09 Тамыз, 2018 Ғылым-білім

"АлматыКітап баспасы" үйдей бәледен құтылды

Бірнеше сағаттық ұзақ ойланудан кейін уәде еткендей поштамызға жауап бермей, өз фейсбук парақшаларында түсініктеме беріпті.

Күні кеше порталымызда "Әсет Исекешев пен Динара Сәтжан "Өлкетану" оқулығына енді" деген ақпарат салған едік. Іле-шала "Алматыкітап баспасына" хабарласып, жауапты маманның түсініктеме бергенін қаладық. Мұндай ақпарат аталмыш оқулықтың қандай бетінде екенін, ол бөлімнің авторы кім екенін бірден айта алмаған "АлматыКітап баспасы" бірнеше сағаттық ұзақ ойланудан кейін уәде еткендей поштамызға жауап бермей, өз фейсбук парақшаларында түсініктеме беріпті. Оған да шүкір. Әсет Исекешев пен Динара Сәтжан сияқты игі жақсылардың фейсбук пен инстаграмда қанша мың жазылушысы бар екендігі жайлы мәлімет 5-7 сынып оқушыларына қажетті емес деп түйін түйген "АлматыКітап баспасы" ұжымына басымызды изей отырып алғысымызды айтамыз. Ендеше, оқырман қауым, сүйіншіңізді дайындай отырып, төмендегі түсініктемеге мән берулеріңізді сұраймыз.

Бүй дейді: "5-7-сыныптарға арналған «Өлкетану. Астана» оқулығы «Рухани жаңғыру» аясында жазылып жатқаны баршаңызға мәлім. Қазіргі таңда талқыға түскен оқулықтың жобасына блогерлер туралы мәліметті расында да авторлар ұжымы алғашында «Туған өлке публицистика беттерінде» айдарымен ұсынған болатын. Публицистиканың бір элементі ретінде қазіргі танымал блогерлерді көрсеткен авторлық ұжымның жобасы, алайда, оқулықтың соңғы нұсқасына кірген жоқ. «Өлкетану» оқулықтары бойынша шілде айында өткен мемлекеттік сараптамада сарапшылардың ұсынысымен оқулықтан блогерлер туралы мәлімет алынып тасталған. 
Баспасөз конференциясында журналистерге ұсынылған бірнеше нұсқаның ішінде назарға ілінгені - блогерлер сияқты мәліметтері ауыстырылатын, аздаған өңдеуді қажет ететін нұсқасы. 
Оқулықтарды басылымға дайындау жұмысы алдағы қыркүйек айында мәресіне жетеді деп жоспарлап отырмыз. 
Суретте оқулықтың алғашқы нұсқасы және соңғы нұсқасы".

өлкетану

өлкетану

Бір айта кететіні, мұндай түкке тұрғысыз ақпарды оқулықтың ішіне кіргізе отырып, үйдей бәлеге тап болатынын білетін "АлматыКітап баспасының" о бастағы көздегені не екендігі бізге жұмбақ болып қала беретіндігі.

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір