• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:07:16
Алматы
+35°

17 Тамыз, 2018 Аймақтар

Алматыға Малайзияның ең биік муралы ұлттық рекордының иегері келеді

Суретші Әуезов ауданы, Мамыр -3 шағын ауданында орналасқан 9 қабатты үйге үйге сурет салып өз қолтанбасын қалдырмақшы

Алматыда өтетін ІІІ Халықаралық "Mural Fest" фестиваліне Оңтүстік Шығыс Азияның атақты суретшісі Kenji Chai келеді. Kenji Chai - Малайзия елінің ұлттық рекорд иегері. Суретші Әуезов ауданы, Мамыр -3 шағын ауданында орналасқан 9 қабатты үйге үйге сурет салып өз қолтанбасын қалдырмақшы.

"Бұл өте қызықты фестиваль және мен өз мүмкіндіктерімді осы фестивальде барынша көрсеткім келеді. Алматы өте әдемі мегаполис, мен өзімнің суреттерім арқылы алмалы шаhарға жан бітіргім келеді" - дейді өз сөзінде Kenji Chai.

III Халықаралық "Mural Fest" фестивалі Қала күні аясында өз бастауын алды. Осы фестивальге қатысу үшін әлемнің ондаған мемлекетінен атақты суретшілер келеді.

Ең алғаш Бостандық ауданын Тимирязев Жароков көшелерінің қиылысында Украина елінің суретшісі Андрей Кравченко ғимараттың қасбеттерін суреттермен безендірді. Ары қарай фестивальді Ресей мемлекетінен келген ZunClub командасы жалғастырады.

Сонымен қатар, қала көшелерінде қоғам қайраткері, лингвист, әдебиеттанушы, түрколог, аудармашы А.Байтұрсыновтың, қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың портретін көруге болады.

Қала тұрғындары мен қонақтары Қала күніне орай ұйымдастырылған 100-ге тарта мәдени іс-шараға қатыса алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір