• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:03:50
+35°

14 Наурыз, 2018 NEWS

Алматыдағы жантүршігерлік жол апатынан әйел мен бала қаза тапты (видео)

13 наурызда кешкі уақытта әл-Фараби даңғылының бойында, Шашкин көшесі мен Esentai Mall сауда орталығының арасында жантүршігерлік жол апаты болды

13 наурызда кешкі уақытта әл-Фараби даңғылының бойында, Шашкин көшесі мен Esentai Mall сауда орталығының арасында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі СТВ телеарнасына сілтеме жасап.

Жол апаты
Батыс бағытта жоғары жылдамдықпен келе жатқан Audi жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың бойында тұрған ЗиЛ-ға барып соғылған. Жол апатының салдарынан бір әйел адам мен оның 2-3 жасар баласы қаза тапты.

жол апаты

жол апаты

Жолдағы жұмысшылардың бірі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері мен криминалистер барды. Әл-Фараби даңғылының батыс бөлігі қоршауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір