• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:56:47
Алматы
+35°

27 Қыркүйек, 2018 NEWS

Алматыдағы «KITAP FEST 2018» іс-шарасы қалай өтті?

Көпшіліктің назарына I BOOK YOU ұйымдастырған  Кітап алмасу түсті. Кітап алмасу арқылы олар  өзерінің кітап тізімін  жаңарта алды.

8-қыркүйекте «Астана» алаңында Алматы қаласының ең мәдени іс-шарасы - «KITAP FEST 2018» Халықаралық Кітап Фестивалі өткізілді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ұйымдастырушылары  - Алматы қаласы Әкімдігінің қолдауымен «BAURZHAN Foundation» қоры.

Бұл жылы «KITAP FEST» 5-ші рет өткізіліп отыр. Жылдан-жылға ауқымы кеңейіп келе жатқан Фестиваль отандық жазушылар мен оқырмандардың, блогерлердің, қоғам қайраткерлерінің басын қосып, қаламыздың мәдени-ағартушылық іс-шарасына айналды.

Фестиваль қалай өтті?

Көпшіліктің назарына I BOOK YOU ұйымдастырған  Кітап алмасу түсті. Кітап алмасу арқылы олар  өзерінің кітап тізімін  жаңарта алды. Бұнда кітап жанрларының түр-түрі болды. Жалпы кітап алмасуға 5000-ға жуық кітап түсті.

Жазушылар шатыры. Күні бойы бұл шатырда отандық жазушылар өздерінің  2017-2018 жылдары жарық көрген кітаптарымен таныстырды. Олардын арасында Олег Червинский «Черная кровь Казахстана», Хаким Булибеков «Кипчак с Антарктиды» , Jan Amany, Наталья Махно «Точка бифуркации» , Алмаз Шарман «Приоритеты»  және т.б. болды.

Кітап фест

Блогерлер шатыры. Фестивальда қатысушылар танымал қоғам қайраткерлерімен, журналистермен, блогерлермен танысу мүмкіндігіне ие болды. Ал олар өз кезегінде кітапқа қатысты көптеген қызық әңгіме қозғады.

Шақырылған қонақтардан Айсана Ашим, Марина Шарипова, Айна Досмахамбетқызы, Айдос Сарым, Диана Снегина және т.б. болды.

- Кітап жәрмеңкесі. Биыл Фестивальда 28 Кітап дүкендері мен баспалар өз тауарларын көрмеге қойды.

Сондай-ақ «Аруна» баспа үйі балаларға әдейі арналған «Кітаптар қалай пайда болады» деген тақырыпқа ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырылды.

«KITAP FEST 2018»

Осы жылы Кітаптар фестивалінда алғаш рет әдебиет саласында жазушыларға арналған «Кitap Fest» сыйлығы ұйымастырылды. Жеңімпаз болып Баян Алагузова жарияланды. Ол өзінің келесі кітабын «Меломан» арқылы тегін басып шығару мүмкіндігіне ие болды.

Баян Алагөзова

Әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен айналысатын «BAURZHAN Foundation» қорының «KITAP FEST 2018» Фестивалін ұйымдастыру арқылы алға қойған мақсаты – адамдар арасында кітап оқу мәдениетін дамытып, отандық жазушылар мен оқырмандардың басын қосу.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір