• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:33:08
Алматы
+35°

19 Шілде, 2018 Аймақтар

Алматыдағы діни ақпараттық-түсініктеме беретін топтар бірігетін болды

Жыл басынан бері қалада ақпараттық-түсініктеме беретін 8 бірлестік жұмысын бастаған

Алматыдағы діни ақпараттық-түсініктеме беретін топтар бірігетін болды.

Жыл басынан бері қалада ақпараттық-түсініктеме беретін 8 бірлестік жұмысын бастаған. Олардың қатарына теолог, дінтанушы мен психологтардан тұратын 70 шақты адам қосылған.

Мамандар мектептерде, жоғары оқу орындарында, емханалар мен басқа да адам көп келетін мекемелерде дәрістер жүргізген. Жалпы 270 түрлі шара өткізіп, 30 мыңға жуық адам қамтылған екен.

Айта кетсек, бүгінгі таңда Алматыда барлығы 179 діни бірлестік тіркелген.

«Әкімдіктің жанында діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес бар. Діни бірлестіктердің клубы бар. Диалог алаңында кездесулер арқылы қаламыздағы барша дін өкілдерімен осындай өзара сенімді атмосфераны қалыптастыра білдік деп айта аламыз», – деді Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Есекбеков.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір