• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:51:12
Алматы
+35°

01 Қыркүйек, 2018 Аймақтар

Алматыдағы белгілі ғимараттарға архитектуралық жарық көздері орнатылады

Алматыда тарихи және мәдени айрықша маңызы бар қаланың тарихи орталығын реконструкциялау және ғимараттарды жаңарту жалғасуда

Алматыдағы бірнеше белгілі ғимараттарға архитектуралық жарық көздері орнатылды.

Алматыда тарихи және мәдени айрықша маңызы бар қаланың тарихи орталығын реконструкциялау және ғимараттарды жаңарту жалғасуда. Кешке қарай Республика Сарайы, Балуан Шолақ атындағы Спорт Сарайы, Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория мен Алматының бірқатар белгілі нысандары архитектуралық жарық көздерімен нұрлана түседі.

Қазіргі кезде көптеген мегаполистерде қаланың ерекшеліктері мен көрнекі орындарын айшықтай түсетін және кешкі серуен кезінде қолайлы жағдай туғызатын архитектуралық жарық көздері тиімді пайдаланылуда.Заманауи энергия жинақтайтын технологияны ұтымды қолдану электр энергиясын үнемдейді және жарық көздерін ұзақ пайдалануға ықпал етеді.

Кешкі және түн мезгілінде қала ғимараттарына, ландшафтарға бірыңғай архитектуралық стиль беру мақсатында Алматыда соңғы екі жыл ішінде қаланың 130 белгілі нысандары жарық көздерімен нұрлана түсті.

Олардың арасында Тәуелсіздік Монументі, «Қазақстан» қонақ үйі, Даңқ, Мемориалы, «Көктөбе» телемұнарасы, Абай атындағы МАТОБ, Қастеев атындағы мұражай, Ықылас атындағы халық аспаптары музейі, Орталық мешіт, Свято-Вознесенский кафедралды соборы және басқалары бар.

Архитектуралық жарық көздерінің бірыңғай жобаларының барлығы бюджеттен тыс қаржы есебінен жүзеге асуда.

Бұлардан өзге, Алматыда биылғы жылы бірнеше қала даңғылдары реконструкциялануда, көшелер мен тротуарларғажаңа жарық көздері орнатылып, жаяу жүргінші аймақтары кеңеюде, көлеңкелі кеңістік қалыптастыру үшін жасыл желек отырғызылып, жаңа субұрқақтар салынуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір