• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:37:06
Алматы
+35°

26 Қыркүйек, 2018 Аймақтар

Алматыдағы Әуезов ауданына жаңа әкім тағайындалды

Әуезов ауданының жаңа әкімі мемлекеттік басқару органдарында едәуір тәжірибе жинақтаған

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының  келісімімен Әуезов ауданының әкімі болып Әнуар Өскенбаев тағайындалды.

Әуезов ауданының жаңа әкімі мемлекеттік басқару органдарында едәуір тәжірибе жинақтаған.

Әр жылдары Индустрия министрлігінде, 5 жылдан астам уақыт Есеп  комитетінде қызмет атқарған. «Нұр Отан» партиясы орталық аппараты Ішкі аудит қызметінің басшысы болған.

2015 жылы Алматы қаласы әкімінің аппарат басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2016 жылдан қаланың Тұрғын үй және тұрғын үй инпекциясы басқармасының басшысы болды.

Әнуар Өскенбаев басқарма басшысы қызметін атқарған кезде ПИК мәселесіне қатысты заңға өзгерістер енгізілді, тұрғын үй қорын ұстауға қатысты Ереже қабылданды, «Е-КСК» жобасы жүзеге асты. ТҮКШ  модернизациялау бағдарламасына орай  550-ден астам үй, соның ішінде, 520 лифт жөнделді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір