• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:45:19
Алматы
+35°

25 Шілде, 2018 Айтты-ей, бауырың!

Алматыда жұмыс істейтін балаңыздың немен шұғылданып жүргенін білесіз бе?

"мен бұрын жезөкшелерді ерекше деп ойласам кәдімгі ауылдың қыздары екен ғой".

Ата-ана байқұс шырылдап қалды. Әрине "ананың көңілі балада, баланың көңілі далада". Күні кеше ғана желіні Денисті өлтірді деген күдікті Н. Қиясовтың ата-анасы, туыстары балама жала жабылды деген видео жаулады. Әр ата-анаға өз баласы әппақ, мамық. 
Дегенмен, ауылдастары "Нұралы мектепте бұзық болды, колледжде жүргенде бірнеше рет көлік шағып, тәртіпсіздікпен көзге түсті. Қағынып жүруші еді, міне ұрынды" дейді. Кім білсін, біздің тілек нақақтан нақақ қазақтың баласы күйіп кетпесін!
Алматыға арман іздеп жыл сайын қанша жастар келеді. Иә, арман қала көшіне ілесе алмағандарды жалмауыздай жұтып жібереді. Көшеге бір шыққанда 100 000 теңге  алсаң 100 мың, 10 мың алсаң 10 мың теңге кетеді. Өткенде бір қыздың фотосын салдым, "Магнумға" келушілердің сөмке, әмиянын алып қашып дағдыланған. Видеоға түр-келбеті анық түсті қазақтың жап-жас қызы. Оны да бәз бір ата-ана "біздің қыз Алматыда жұмыс істейді, бізді асырайтын осы" деп марқайып отырған шығар? Мына фотодағы жігіт те біреудің мәпелеп өсірген асықтай ұлы. Кеше тапа-тал түсте Ақсайдағы көліктен ақша, құжат толы сөмкені ұрлап қашты. Сол сияқты қанша қыз-жігіт ауылға қайту орнына түрлі жолмен "нәпақасын" тауып жүр. "Домработница" танысым айтады "мен бұрын жезөкшелерді ерекше деп ойласам кәдімгі ауылдың қыздары екен ғой. Шефтың үйін жинаймын, күнара бір жас қыз келіп кетіп жатады. Жәй әншейін көшеде көріп жүрген қыздар. "Иногородние" ғой ақша керек оларға" деп жымыңдайды шеф деген әңгімесін жеткізді.
Шындығында, Алматы, Астана сында үлкен шаһарға еш мамандықсыз жұмыс іздеп кеткен ұл-қызыңыздың тұрып жатқан жеріне соңғы рет қашан бардыңыз? Пәтер иесі, көршілерден қандай деп сұрадыңыз ба? Балаңыздың жұмыс адресін білесіз бе? Кіммен тұрып, қандай шаруамен айналысып жүргенінен хабардарсыз ба? Онда кеш емес, қал-жайын ескертпей біліп қайтыңыз! Қарға да баласын әппағым дейді?

Гүлмира Әбіқайдың фейсбук парақшасынан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір