• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:06:11
Алматы
+35°

09 Қазан, 2018 Әлеумет

Алматыда жылу маусымы қашан басталады

Жаңа жылу маусымына дайындық жұмыстарының барлығы белгіленген кестеге сай жүруде.

Қаланың Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының ақпараты бойынша Алматыдағы жылу маусымы 2018 жылдың 15 қазанынан басталады. Өз кезегінде әлеуметтік объектілер, оның ішінде мектептер, бала бақшалар, ауруханалар 12 қазаннан бастап жылу желісіне қосылады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жаңа жылу маусымына дайындық жұмыстарының барлығы белгіленген кестеге сай жүруде. Қаланың жылуэнергия кешендері алдағы жылу жұмыстарына 100% дайын.

Айта кетерлігі, қалада биылғы жылы 12 км жылу желісі, 23 км электр желісі, 283 км су құбыры мен 267 км кәріз желісі қайта жасалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір