• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 13:40:54
Алматы
+35°

30 Тамыз, 2018 Аймақтар

Алматыда жыл аяғына дейін барлық көше жарықтарының үштен бірі жаңарады

Қаланың Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының ақпараты бойынша қазіргі кезде Алматыда 79993 жарық көздері орнатылған

Қаланың Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының ақпараты бойынша қазіргі кезде Алматыда 79993 жарық көздері орнатылған. «Қауіпсіз қала» бағыты бойынша жыл аяғына дейін 24000-нан астам жарық көздері немесе 31,5%-ы энергия жинақтаушы және диодты шамдарға ауыстырылады.

Қазіргі кезде Әуезов ауданында 49,5 км көше жарығының құрылыс басталды. Жыл аяғына дейін Алатау ауданында сыртқы жарықтың 24 км желісін тарту жоспарланған.

Қазірдің өзінде Бағанашыл, Алатау, Ерменсай және Нұрлытау елді мекендерінде 35,3 км сыртқы жарық көздері орнатылған. Түрксіб ауданындағы Бұқтырма, Майлин көшелері мен Құлжа трактінде 9 км сыртқы жарық көздері жұмыс істеуде.

Бұлардан өзге, келер жылдан бастап тағы 266 км жарық көздерін немесе 8896 көше шамдарын (11,5%) модернизациялаудың жобалық- сметалық құжаттары жасалған.

Мемлекеттік - жеке әріптестік жобасы аясында қаланың Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы 2019 жылдан бастап тағы 1375 км жарық желісін немесе 45829 көше шамдары мен 42052 жарық діңгектерін жаңартуды жоспарлаған.

Қала басқармасындағылар диодты жарық шамдарының электроэнергиясын пайдалануды 30 пайызға қысқартып, қала бюджетінің шығынын азайтатынын, көше жарығының сапасын жақсартатынын мәлімдеді. Оның үстіне олардың пайдалану мерзімі де ұзақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір