• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:54:05
Алматы
+35°

29 Тамыз, 2018 Аймақтар

Алматыда жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды күшейту мәселесі талқыланды

Өткізілген семинар-кеңес барысында қатысушылар өздерінің қызығушылық білдірген мәселелері бойынша сұрақтарын қойды

2018 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа іс қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша Департаменті өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Аталған іс-шарада талқыланған басты тақырыптардың бірі Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісіндегі айқын оң үрдістер, оларды күшейту және дамыту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің даму кезеңдері мен қазіргі таңдағы жағдайы туралы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа іс қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің бас маманы Мадияр Албанбеков өз сөзінде мемлекеттік қызмет саласында жүргізілген реформалардың нәтижесінде соңғы 20 жылда біздің ел Дүниежүзілік банктің рейтингінде «Үкіметтің тиімділігі» көрсеткіші бойынша 52 позицияға, яғни 154-тен 102-ші орынға дейін көтеріліп, халықаралық стандарттарға сәйкестікке қол жеткізді. Сонымен бірге, мемлекеттік аппаратты жаңғырту жалғастырылуда. Одан арғы бағдарлар «Қазақстан – 2050» Стратегиясы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында белгіленгендігін атап көрсетті.

Өткізілген семинар-кеңес барысында қатысушылар өздерінің қызығушылық білдірген мәселелері бойынша сұрақтарын қойып, жауаптарын алды және семинар соңында ризашылықтарын білдірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір