• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:31:11
Алматы
+35°

10 Қыркүйек, 2018 Аймақтар

Алматыда жемқорлықпен күрес жұмыстары жүргізілуде

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-де және Қазақстанда жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда үдемелі прогресс және оң динамика байқалады

Жемқорлықпен күрес жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-де және Қазақстанда жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда үдемелі прогресс және оң динамика байқалады. Осы оң динамика 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны қабылдаумен іске асырылып бастаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың көрнекті нәтижесі болып табылады.

Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімнің бастығы әділет капитаны Маратов А.М. сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және жүйелі негізде әлеуметтік сұрақтар мен зерттеулерді іске асыру кезінде шешім қабылдауда қоғамның рөлін күшейту, параны, заңсыз қорландыруды ұсынғаны/уәде бергені үшін жауапкершілік немесе қылмыстық жауапкершілікті белгілеу, бұлтартпау жазасы принципін мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша сабақ өткізді.

Соынмен қатар, ол қолданыстағы заңнама бойынша сыбайлас жемқорлық жасаған адам өмір бойы мемлекеттік лауазым атқару құқығынан айырылатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған әскери қызметшіні лауазымға тағайындау туралы ұсыныс білдірген адамды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қойылды.

Осылайша, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау проблемасының өзектілігі барлық лауазымды адамдардан бұл құбылыстың маңыздылығын түсінуді, оның диагностикасы мен профилактикалық жұмысты ұйымдастырудың негізгі әдістемелерін меңгеруді талап ететінін айта кетті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша жұмыстар жергілікті әскери басқару органдарында үздіксіз жүргізіліп келеді. Алматы қаласы жергілікті әскери басқару органдарына Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының өкілдері тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жемқорлықпен күрес – әрбір азаматтың борышы екенін ұмытпау қажет.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір