• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:54:14
Алматы
+35°

27 Қыркүйек, 2018 NEWS

Алматыда «Үздік инновациялық жоба» байқауы өз жалғасын тапты

2013 жылдан өткізіліп жатқан шараны Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен «Ел-шежіре» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр

«Үздік инновациялық жоба» байқауы биыл да өз жалғасын тапты. 2013 жылдан өткізіліп жатқан шараны Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен «Ел-шежіре» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр. 3 ай уақыт ішінде жоғарғы оқу орындарының студентерінен 30-ға жуық әлеуметтік және бизнес жобалар келіп түсті. Жастардың жұмысын қазылар алқасы 7 қыркүйек күні іріктеді.

Байқауға «Айқын» газетінің бас редакторы, публицист Нұртөре Жүсіп, «Байқадам» холдингінің басқарушысы – Арман Байқадам, «АХ-GROUP» BAZA ЖШС бизнес жаттықтырушы Жан Ақсартов, Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Алма Ауғанбаева қазылық етті. Нұртөре Жүсіп өзінің көңілінен шыққан үш жобаны ерекше атап, іс жүзінде жүзеге асыру керек екенін алға тартты. Ал «Байқадам» холдингінің басқарушысы – Арман Байқадам, әр жобаға жеке-жеке тоқталып, жұмыс жетекшілерін сұрақтың астына алды. Бұған қоса, кемшіл тұстарын көрсетіп, түзету жолдарын айтты. Сонымен қатар өзінің бүгінге дейінгі бизнес хақындағы мол тәжірибесімен бөлісті. Алма Ауғанбаева ханым да жастарымыздың өз мақсатын айқындап, нақты жолдарын тапқанына қуанатынын жеткізді. Бұдан бөлек «Елімізде бизнес саласы күн санап қарыштап дамуда. Бүгінгі жастарымыздың идеясы да маған қатты ұнады. Болашақта халыққа пайдасы тиетін жобалар болады деген ойдамын»- деп сөзін түйіндеді. Осылайша бірінші кезеңде барлығына жоғары баға беріліп, тегін тренингтерге жолдама алды. Тренингтерді Жастар Innovation жобасы аясында кәсіби бизнес тренерлер және жетекші кәсіпкерлер жүргізеді. Басқосу Алматыдағы SmArt Point Коворкинг орталығы мен DEPO Evolution Park жастар лофт орталығында өтеді.

Алматы

Бір ай ішінде қатысушыларға жетекші мамандар білім беріп, өз саласы жайындағы мол тәжірибесімен бөліседі.

Байқау бастаушы кәсіпкерлердің кәсіпкерлік қызмет шеңберінде тәжірибе алмасуына арналған көпір десек артық айтқанымыз болмас.

Қазақстанның жас кәсіпкерлеріне тәлімгер ретінде танымал кәсіпкерлер таңдалып алынды. Олар кездесу барысында іскер, табысты кәсіпкерлермен кездесіп, олардың жеткен жетістігі жайындағы мол тәжірибелерімен танысады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір