• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:02:58
+35°

Алматыдағы «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркінде «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этно-мәдени фестивалі өтіп жатыр, деп жазады qamshy.kz тілшісі. Көшпенділер өркениетін паш ететін биылғы шара Астананың 20 жылдығына арналып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен өтіп жатыр.

Ұлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлемі

Ұлы дала – көшпенділер әлемі

Фестиваль аясында алқа-қотан ақ үйлер тігілген. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, орынбасар әкім Арман Қырықбаев пен бірқатар депутаттар фестивальдің ашылуына қатысты.  Ашылуда ең алдымен көш шерінде Мажарстан, Моңғолия, Украина, Өзбекстан, Башқұртстан, Тыва, Дағыстан, Саха, Алтай Республикасы, Қалмық, Бурятия елдерінен келген әскери өнер мен ұлттық дәстүрін жетік білетін өнерпаздар жүріп өтті. Аталған елдерден 100-ге тарта өкіл келген. Ал фестивальді көруге келген қонақтар саны 7 мыңнан асады. Қонақтарға «Сазген сазы» этно- фольклорлық ансамблі ,«Ұлытау», «Алашұлы», «Самрад» топтары ұлттық музыкадан күмбірлеген күй шашу шашып, әнге бөледі.

Ұлы дала – көшпенділер әлемі

Ұлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлемі

Ұлы дала – көшпенділер әлемі

Ұлы дала – көшпенділер әлемі

Ұлы дала – көшпенділер әлемі

Қамшы

Қазақ елі өкілдері көш шеруде алдымен «Алтын адам» бейнесіндегі жауынгер бастаған атты жасақпен бастап,  жаяу жасақ, садақшылар қосыны, түйелі көш,  ат құлағында ойнайтын шабандоздар, бишілер қамтылған салтанатты жүріс жасады. Көкпар, аударыспақ, қыз қуу дәстүрлері көрсетілді. Қонақтар бүркіт ұстап, таз ерткен саясатшыларға, қазақтың ірі денелі, батыр тұлғалы жігіттеріне таңғалып суретке түсіп жатты. Ұлттық қолөнердің көрмесі қонақтарды көзайым етсе, дәмі тіл үйретін ұлттық тағамдарға таңдай қақтырды.

Ұлы дала – көшпенділер әлемі

Ұлы дала – көшпенділер әлемі

Ұлы дала – көшпенділер әлемі

Ұлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлемі

Фестиваль аясында акробатикалық көріністер, садақ ату, бәйге, балуан күрес, тіпті асау үйрету дәстүрлері көрсетілді. Этно шара ертең де жалғасын табады. Көрермендер арасында «Ең әдемі ұлттық киім» байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталатынын ұмытпаңыз.

Еске салсақ, өткен жылғы 24-25 маусымда да Алматыда этнофестиваль «Ұлы дала рухы» деген атпен өткен еді. Онда 10 мемлекеттен өнерпаздар қатысқан болатын.

Ұлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлеміҰлы дала – көшпенділер әлемі

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір