• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:29:30
Алматы
+35°

29 Қыркүйек, 2017 NEWS

Алматыда тұрғын үйлерге жылу қашан берілетіні белгілі болды

Егер  ауа температурасы 3 тәулік бойы 8 цельси градус және одан төменді көрсететін болса, сол кезде жылу берілетін болады

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен жылу-электр кешені ұйымының ресми өкілі Ян Гирин Алматыда жылы тарату қашан жүзеге асатынын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Арнайы нормативтер бар. Егер  ауа температурасы 3 тәулік бойы 8 цельси градус және одан төменді көрсететін болса, сол кезде жылу берілетін болады»-дейді Гирин.

Оның сөзінше жылу қазандықтары жұмысқа дайын. 

«Кейде адамдар күн суық болған соң жылу қосуды сұрайды. Алайда күн жылып кеткен соң жылуды қайта өшіруді сұрап, бізді әуреге салады. Себебі бұл қосып-өшіре салатын, бір сағатта істей салатын жұмыс емес»-дейді ол.

Казгидромет ауа райының айдың соңына дейін +15,+14 градусты сақтап тұратынын мәлімдеген. 

Нақтырақ айтқанда, құтқару қызметі жылыту маусымына дайындық барысында жеке секторлардағы өрт қауіпсіздігін тексермек.

Өйткені мегаполистегі Алатау, Түркісіб, Жетісу аудандарындағы жеке тұрғын үйлердің дені көмірмен жылытылады. Сондықтан ондағы өрт қауіпсіздігі назардан тыс қалмақ емес.

«Жылыту маусымынан кейін адамдар мұржаларды тазартпайды, плиталарын ауыстырмайды сондықтан, көп жағдайда ыс тиіп жатады», - деді Алматы ТЖД басқарма басшысы Марат Бекбаев.

Осыған байланысты құтқарушылар мен полиция қызметкерлері 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында тұрғын үйлерді аралап, өрттің шығуына өрт қауіпсіздігінің сақталмауы себеп болса, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын ескертіп шықпақ.

Энергетиктер орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған алматылықтарға жылу уақытында берілетінін айтып отыр.

Алайда, сала мамандары жылыту құрылғыларына жөндеу жұмыстары әлі аяқталмағанын жеткізді.

Айта кетейік, Алматының энергетика желілеріне жауапты компания мен «KEGOK» АҚ арасында бірлескен жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесі әзірленген болатын. Бекітілген кестеге сәйкес, 2017 жылы «Алматы электр желілері» АҚ ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3 және Батыс жылу кешені мен Қапшағай СЭС, Каскад СЭС бойынша 69 негізгі құрылғыға жөндеу жұмысын жүргізуі қажет. Оның ішінде 20 энергетикалық қазандығы мен 13 турбоагрегат, 19 су ысыту қазандығы мен 17 гидроагрегатқа жөндеу жүргізілуі қажет болған. Энергожелісіне жауапты компания бұған алаңдаудың қажеті жоқ екенін жеткізді.

Сала мамнадырының айтуынша, жылуты мерзіміне дейін барлық жөндеу жұмыстары аяқталады.

«Энергоқұрылғыларды жөндеуге 4 млрд теңге жұмсалады. 2017 жылдың 25 қыркүйегіндегі ахуал бойынша 59 құрылғы жөндеуден өткізіліп, жұмыстың 86 пайызы аяқталды. Қазіргі уақытта 6 негізгі және көмекші құрылғыны жөндеу жүргізіліп жатыр. ЖЭО-ларға 2017 жылы отын жеткізу бойынша келісімшарт жасалып қойған», - деді «Алматы жылу желілері» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, өндіріс бойынша бас инженер Ғази Исмұхамбетов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір