• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:14:46
Алматы
+35°

03 Қазан, 2018 Аймақтар

Алматыда "Тұлпар мініп, ту алған" үздік оқушылар марапатталды

Аталмыш шара Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған

Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Республика көлемінде ұйымдастырылған «Тұлпар мініп, ту алған» атты ұлттық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталмыш шара Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған.

Республика бойынша ұлттық байқауда бағын сынап көруге бекінген 1300-ге жуық бала қатысты. 10-19 қыркүйек аралығында әр ауданда іріктеу шаралары ұйымдастырылып, әрбір ауданнан 3 жеңімпаз анықталып, 8 ауданнан жалпы 24 бала қалалық қорытынды кезеңге жолдама алған.24 баланың ішінен үздік болып оза шауып жүлделі орындарды иеленген үш қатысушы арнай сый-сыяпаттармен марапатталды.

Мәншүк Арыстанбек, Шыңғысхан Армия және Санат Ғазизұлы атты байқау қатысушылары ынталандыру сыйлығына ие болды. Үшінші орынға №152 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Бекзат Шардарбек ие болса, екінші орын №178 лицейдің 6-сынып оқушысы Абылай Бердашевке бұйырды. Республика көлемінде ұйымдастырылған бұл байқауда барлық қатысушылардан оза шауып, жүлделі бірінші орынға №180 мектептің 9-сынып оқушысы Аружан Абсаттар ие болды. Белгілі болғандай, үшінші орын иегеріне 500 000 тг, екінші орынға 1 миллион берсе, бірінші орын иегеріне 1 500 000 тг көлемінде қаржылай сыйақы тапсырылды. Сонымен қатар, тек байқауға қатысушылар ғана емес, олардың тәлімгерлері де Оксфорд қаласына барып тілді жетік меңгеруге жолдама алды.

«Тәуелсіз елдің баласы тұлпар мінеді, ту алады. Елбасымыздың бастамасымен, Рухани жаңғыру бағдарламасының негізгі міндеті бізге бабамыз аңсаған тәуелсіздігімізді баянды ету. Жоба басталғалы бері оқушыларымыз қаншам кезеңдерден өтті.  Ұйымдастырушылармен, қазылар алқасымен ақылдаса отырып дүниеге келген бұл жоба қазақтың талай баласының рухын көтеріп, ұлттық сезімін арттыра түскеніне сенімдіміз. Тек қазақ халқына ғана емес, барша түркі халықтарына ортақ «Алпамыс жырын» жаттатқызу арқылы біз жастарымыздың рухын шыңдадық және болашақта Елбасымыз айтқандай бәсекеге қабілетті етуге бір қадам болса да алға жол аштық деп білемін», - деді Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.

Аталмыш байқаудың қазылар алқасының құрамында  Өмірбек Айтбаев, Уалихан Қалижан, Қали Сәрсенбай, Тынысбек Қоңыратбаев, Темірхан Тебегенов, Серікқазы Қорабай және Мамай Ахмет сынды ғалымдар мен қаламгерлер болған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір