• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:50:14
Алматы
+35°

11 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Алматыда троллейбус желілері жаңартылады

Бұл – троллейбустардың қызмет көрсету сапасына да оң әсерін тигізеді

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мегаполистегі троллейбус жолының байланыс-кабельдік желілерін қайта жөндеуден өткізіп, ауқымды жобаны қолға алмақ. Бұл – троллейбустардың қызмет көрсету сапасына да оң әсерін тигізеді.

Алматыда троллейбустар 1944 жылы пайда болыпты. Содан бері жылжымалы құрам біртіндеп жаңартылып, жаңа желілер ашылып келді. Экологиялық жағынан таза әрі тиімді саналатын бұл қоғамдық көлікке деген сұраныс үлкен. Алайда, тозығы жеткен байланыс-кабельдік желілер троллейбустардың мінсіз қызмет етуіне кедергі келтіріп отыр. Күн сайын троллейбус жүргізушісінің көліктен шығып, сымын қолымен желіге салып жүргенін көріп жүрміз. Бұл жолаушының уақытын алумен қатар, жүргізушінің өміріне де қауіп төндіретіні анық.

– Троллейбустардың дұрыс қатынамауы тозығы жеткен желілердің себебінен болып отыр. Өйткені, қолданыстағы байланыс-кабель желісінің стандартты кернеуі жылжымалы құрамның желіге шығу санын шектейді. Желілер жаңартылса, маршруттың тұрақты қатынауы кемінде екі есеге жақсарады, – дейді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат Хосчанов.

Жаңарту жұмыстары барысында 172,62 шақырым байланыс желісі жөнделіп, 529 байланыс желісінің тіректер мен оқшауланған аспалы жүйелер, бойлық көтергіш арқаны мен троллейбустың байланыстырғыш сымдары ауыстырылады. 39,81 шақырым қашықтыққа жететін АСБ кабельдері тартылады. Ауқымды жұмыс барысында троллейбус желілері ғана жаңғырмайды, сонымен қатар көшелер мен жаяу жүргіншілер жолы абаттандырылып, троллейбус жолдары барынша жарық шамдарымен қамтамасыз етіледі. Ауқымды жұмыс 2019 жылы басталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір