• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:26:13
Алматы
+35°

29 сәуірде Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әл-Фараби даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер көпіріне Қазақстан Конституциясынан цитата ілген Роман Захаровты ұсақ бұзақылық бабымен 5 тәулікке қамады. Бұл туралы Захаровтың адвокаты Ерлан Ерболатұлы мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі суреттерге қарағанда, Захаров ілген баннерде Конституцияның 3-бабы 1-тармағындағы "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық" деген сөз жазылған.

Адвокат "Үлгерсек Захаровқа шыққан шешім үстінен бүгін шағым түсіреміз" деді. Ерболатұлының айтуынша, олар Захаровты қамау туралы сот қаулысын әлі алмаған.

"Полиция видеобақылау камерасындағы бейнені де, өздерінің видеожетондарындағы жазбаны [сотта] көрсетпеді. Видео полицияның жеке құрылғысынан көрсетілді", - деді адвокат. Оның сөзінше, бұл видеоны істе айғақ деп танымау туралы адвокат өтінішін сот қанағаттандырмаған.

"Сот қаулысын ала сала, шешім үстінен шағымданамыз", - деді Ерболатұлы.

Адвокаттың айтуынша, Захаров дүйсенбі күні таңертең ұсталған. Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Диас Махамбетов бұл ақпаратты растады.

"Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы 1-тармағымен (қоғамдық орындарды ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау) 5 тәулікке қамалды. Адам жүретін жерге пластик бау, скотч пен ақ мата сияқты тұрмыстық қалдық тастаған", - деді Махамбетов.

Сот алдында жүрген Азаттық тілшісіне Захаровтың достары "суретшіні полиция бөлімшесіне 9 сағат ұстады" деген. Қалалық сот тілшінің "Бұл рас па?" деген сұрағына "Білмеймін" деп жауап берді.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір