• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:57:09
Алматы
+35°

28 Тамыз, 2018 Аймақтар

Алматыда «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы технологиялар» атты семинар-кеңес өтті

«Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы технологиялар» атты семинар-кеңес өткізді

«Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы технологиялар» атты семинар-кеңес өткізді.

Алматы қаласының білім беру мекемелерінде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-шараларды күшейту мен білім саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселелері бойынша Алматы қаласының білім басқармасымен бірлесе «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы технологиялар» атты семинар-кеңес өткізді.

Шараға қаладағы орта білім беретін ұйымдар мен мектеп, колледж басшылары қатысты. Кездесу барысында «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ.А. Токушев жүргізілген талдаудың нәтижесінде 18 ұсыныс енгізіп, оның ішінде колледж, мектеп қызметкерлері мен студенттерге сыбайлас-жемқорлыққа қарсы стандарттарды бекіту, мектептердегі салымдарды жинауды жою, қатаң түрде стандарттарға сәйкес мемлекеттік қызметті уақытылы және сапалы негізде көрсету мәселелерін талқыға салды.

Семинар аясында "Sanaly urpaq" жобасы шеңберінде академиялық адалдық және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы технологияларды қамтамасыз ету тетігімен білім беретін ұйымдардың жүзеге асырылатын бағалау жүйесін қалыптастыру ұсынылады. Болжам негізінде бұл бағалау жыл сайын өткізілетін болады. Оның  нәтижелері бойынша қалыптасатын сыбайлас-жемқорлыққа қарсы рейтингісі орта мектеп, колледж және жоғары оқу орындарына әр білім беру деңгейі үшін бөлек жүргізіледі.

Семинар соңында Алматы қаласының білім беру басқармасының басшысының орынбасары Л.А. Жылқыбаева мектеп және колледж директорларына өз қызметтері аясында академиялық адалдық қағидасына сүйене отырып қызметті жүзеге асыру қажеттігін қадап тапсырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір