• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 21:11:41
Алматы
+35°

16 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Алматыда ҚР Тәуелсіздік Монументіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды

Шара барысында Алматы өңірлік гарнизонының әскерилері салтанатқа қатысушылар алдынан әскери саппен өтті

Алматыда ҚР Тәуелсіздік Монументіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды

Алматыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай Тәуелсіздік Монументіне сатланатты түрде гүл шоқтары қойылды.

Қала басшылығы, ардагерлер Кеңесі, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, жастар ұйымдары, қала тұрғындары әскери-үрлемелі оркестрдің музыкалық сүйемелдеуімен Республика алаңындағы тәуелсіздік Монументіне гүл шоқтарын қойды.

Шара барысында Алматы өңірлік гарнизонының әскерилері салтанатқа қатысушылар алдынан әскери саппен өтті.

Алматы

Шараға қалалық әкімдік өкілдері, Ардагерлер кеңесінің мүшелері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, үкіметтік емес ұйымдар, Ауған соғысының ардагерлері, Чернобыль апатының салдарын зарарсыздандыруға қатысқан азаматтар, жастар ұйымдары қатысты.

«Бүгін еліміз үшін ең маңызды күн. Қазақ тарихында ата-бабамыз тәуелсіздік үшін жанын пида еткен. Міне, осы мақсатқа жеткенімізге 26 жыл болды. Осы уақытта қуатты экономика қалыптасты. Әлеуметтік, ғылым, білім саласы қарқынды дамып келеді. Қазақстан инвестиция тартуда Орталық Азияда жетекші рөл ойнап келеді. Ал дамыған елдің 30-дығына ену туралы мақсат қол жеткізуге болатын меже деп санаймын. Барлықтарыңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын», - деді Тұран университетінің ректоры, қоғамдық кеңес төрағасы Рахман Алшанов.

Жиын соңында әскери-үрмелі оркестрдің музыкалық сүйемелдеуімен Алматы өңірлік гарнизонының әскерилері салтанатқа қатысушылар алдынан әскери саппен өтті.

Сонымен қатар, Астана алаңында бүгін мерекелік концерт өтеді. Кеш 21:00-де мерекелік отшашумен аяқталады.

Қаланың әр ауданында көрмелер, мерекелік кештер, театрландырылған қойылымдар өтеді.

Биыл қазақстандықтар 16,17,18,19 күндері демалатын болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір