• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 01:16:48
Алматы
+35°

25 Шілде, 2018 NEWS

Алматыда қылмыс деңгейі 2010 жылдан бері төрт есе артқан

Қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Рахман Алшановтың пайымынша оның өзіндік себебі бар

Бас прокуратураның құқықтық статистика және есеп комитетінің мәліметі бойынша Алматыда қылмыс деңгейі 2010 жылдан бері төрт есе артқан. Қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Рахман Алшановтың пайымынша оның өзіндік себебі бар.

 «Біріншіден 10 жыл ішінде біздің қала географиялық тұрғыда өсті. 2008 жылы қалада жаңа Алатау ауданы, ал 4 жыл бұрын Наурызбай ауданы пайда болды. Халық саны шамамен екі есе артты. Екіншіден Есепке алу әдістемесі де өзгерді. Яғни, 2014 жылы жаңа қылмыстық кодекс күшіне енді және қылмысты электронды тіркеу енгізілді. Бүгінде бұл қалай жұмыс істейді? Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрі енгізілді, оған қылмыстың сан алуан түрі енгізіледі. Бұл республика бойынша енгізілді. Осыдан қылмыстың өскені көрініп тұр және де барша өңірдегі жағдай осындай. Үшіншіден, мегаполис болғандықтан оған келушілер де көп, сондықтан да ішкі көші-қонды ескерген жөн» - деп түсіндірді Алшанов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Қоғамдық кеңес алаңында Алматы қаласының қауіпсіздігін жақсарту бойынша тыңдау өтуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір