• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:54:06
Алматы
+35°

17 Тамыз, 2018 Аймақтар

Алматыда ҚБТУ ғимаратының алдындағы алаңда «KITAP FEST» фестивалі өтеді

Ұйымдастырушылар қала қонақтары мен қала тұрғындары үшін кітап көркемделген көрмені ұсынып, қазақ жазушыларының кең ауқымды кітаптарын ұсынады

Алматы қаласының күніне орай, 8 қыркүйек күні ҚБТУ ғимаратының алдындағы алаңда «KITAP FEST» кітап фестивалі өтеді. Ұйымдастырушылар қала қонақтары мен қала тұрғындары үшін кітап көркемделген көрмені ұсынып, қазақ жазушыларының кең ауқымды кітаптарын ұсынады.

«Осы фестивальдің арқасында біз алматылықтар мен фестиваль қонақтарына дәстүрлі және электронды тасығыштарда отандық әдебиеттің үздік үлгілерін ұсынамыз. Сонымен қатар біз балалар мен жастар арасында кітаптарды оқуды кеңінен таратуды қалаймыз. Алматы әрқашан Қазақстанның мәдени астанасы болған және біз бұл мәртебені қолдаймыз», - деді фестиваль ұйымдастырушылары.

Іс-шара барысында қазақстандық жазушылармен кездесулер мен мастер-класстар, поэзия оқулары, Қазақстанда ең ірі баспалар мен кітап дүкендерінің жәрмеңкесі, шығармашылық шеберханалар, live-концерттер, конкурстар, сондай-ақ ең үлкен кітап алмасу өтеді.

«Кітап алмасуға қатысушылар кітаптарды алып келіп, оларды тағандарға тапсырады. Стикерде оқырманға қызығушылық танытатын және таңдауды шешуге көмектесетін кітап туралы қысқаша ақпарат жазылады. Қатысушы өзімен алып келген кітаптардың саны жазылған нөмірді алады, содан кейін нөмірде көрсетілген саны бойынша жаңа кітаптар таңдай алады», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Фестивальдің ең кішкентай қонақтары ойын алаңдарында көңіл көтеріп, оларға аниматорлар суда сурет салуды, аквагримге және өз қолымен кітаптар жасауды үйретеді.

Алматыдағы кітап фестивалі 2014 жылдан бастап жыл сайын өтуде. Биылғы жылы шараға 3000-нан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы күнін мерекелеу аясында мегаполисте 100-ден астам іс-шара жоспарланған, онда түрлі елдердің әртістері қатысады. Бағдарламада «Көк-Төбе Опера-2018» классикалық музыка фестивалі, Халықаралық «ARTBAT fest» заманауи өнер фестивалі, ашық аспан астындағы «Оркестрлер фестивалі» атты оркестрлік музыка фестивалі, «KITAP FEST» кітаптар фестивалі, «Family Festival» атты отбасы күні, халықаралық «Almaty garden show» бақшалар фестивалі, Қазақстандық «GAKKU дауысы» музыкалық фестивалі, қалалық дәстүрлі «ALMA Fest» алма фестивалі, Muzzone Dance Party, халықаралық «Mural» монументалды және сәндік өнер фестивалі, мото фристайл «Red bull FMX JAMS», «Almaty Film Festival», «Junior Eurovision» жобасы, Алатау ауданының 10 жылдық мерейтойын атап өту, «Almaty Fest Big City Picnic», кілем бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі, «Қазақстан Камерата» мемлекеттік оркестрінің өнер көрсетуі және т.б.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір