• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:44:59
Алматы
+35°

29 Тамыз, 2018 Аймақтар

Алматыда қалалық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті

Алматыда «Қазіргі қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісім моделі» атты Алматы қалалық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті

Алматыда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Қазіргі қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісім моделі» атты Алматы қалалық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті.

2018 жылғы 29 тамызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кітапханасының мәжіліс залында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» ҚҚ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Қазіргі қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісім моделі» атты Алматы қалалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: қазіргі Қазақстандағы этносаралық және дінаралық келісім модельдерін қалыптастырудың конституциялық негіздерін Қазақстан Республикасындағы зайырлылық принциптерін түсіндіру және насихаттау, дәстүрлі діндердің құндылықтарын дәріптей отырып, жастардың рухани адамгершілігін қалыптастыру, тұрғындар арасында толерантты сананы қалыптастыру, жастар арасында этносаралық және конфессияаралық келеңсіздіктерге жол бермеу.

Конференцияға Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Қиқымов Н.М., «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» ҚҚ құрылтайшысы Бишманов К.М., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымдарының докторы, профессор Масалимова Ә.Р., ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты дінтану бөлімінің меңгерушісі, «Дінтанушылар конгресі» ҚБ төрағасы, философия ғылымдарының докторы, профессор Сатершинов Б.М., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, «Дінтанулық зерттеулер және экспертиза орталығының» директоры Құрманалиева А.Д., дін саласындағы алдыңғы қатарлы мамандар және студенттер қатысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір