• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:07:22
Алматы
+35°

24 Мамыр, 2019 NEWS

Алматыда педофил сауда орталығында ұсталды

Алматыда сауда орталықтарының бірінді 32 жастағы ер адам 7 жастағы қызды зорлауға әрекеттенді

Алматыда сауда орталықтарының бірінде 32 жастағы ер адам 7 жастағы қызды зорлауға әрекеттенді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтының дерегін негізге алып.

Әлеуметтік желіде өткен бейсенбіде сауда орталықтарының бірінде ер адам 7 жастағы қызды зорлауға әрекеттенді деген ақпарат таралған болатын.

“Ер адам әжетханаға кіріп, аңдып отырды. Қыз бала кірген кезде, оның анасы дәлізде күткен. Осы кезде ер адам қызды ұстап алып, әр түрлі видеолар көрсетеді. Ал мұны әжетханадағы бір әйел естіп, полиция мен күзетшілерді шақырады. Ол қызды зорлағысы келді”, - деді әйел үрейлі дауыспен.  

Бұл оқиғаны Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

“Кәмелет жасқа толмаған қызға қарсы қылмыс жасады деп күдікті ҚР ҚК 128-бабына сәйкес уақытша изоляторға қамалды. Ол 32 жастағы Ақтөбе облысының тумасы болып шықты. Бұрын жас балаларды азғырғаны үшін түрмеде отырғаны анықталды. Қазіргі таңда күдікті ҚР Қылмыстық кодекстің екі бабы: 121-бап 4 бөлім және 124 бап 1 бөлім бойынша айыпталуда. Сотқа дейінгі тергеу Бостандық ауданының полиция басқармасы жүргізуде. Тергеу барысы қала прокуроры мен Алматы полиция басшылығының бақылауында”, - деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Дайындаған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір