• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:48:28
Алматы
+35°

Алматыдағы мектептердің бірінде 6 сыныпта оқитын қыз қорада түнеп, малмен бірге ас ішкен. Өгей әкесінен күнде таяқ жеп, өз шешесінен қорлық көрген жасөспірімнің жантүршігерлік жағдайы туралы Еуразия бірінші арнасына бір топ ата-ана жеткізіпті Әжесінің әңгіртаяғынан зәрезап болған мектеп оқушысы аш қалмас үшін итпен бірге ауқаттанып, бірнеше күн үйіне кіре алмаған. Арнаның түсірілім тобы адам сенгісіз жайтты өз көзімен көріп, шошынып қайтты. Еуразия бірінші арнасының сюжетінде былай делінеді:

««Уходите. Уходите от меня. Уходите. Милицию вызыву... бабуля перестань».  

Бұл отбасы әрине, бізді құшақ жая қарсы ала қоймады. Ащы суға тойып алған оқушы қыздың әжесі үйіне кіргізбек түгілі, жан-жақтан қаумалаған иттердің жібін ағытып жіберді. Адам санына қарағанда ит пен құс көп. Маскүнемдердің бәрі осында жиналған. Құдды қоқыс полигонына ұқсайды. Қақпадан шыққан оқушы мұғалімдерін көріп жылап жіберді. Анам ұрып соқпайды. Тек бөтен біреулер мені сатпақ болды, дейді.

«Меня вообще хотели продать. Это не по правилам. Кто? Не знаю три человека. Мама узнала. Диля, прекрати. Ты за свой язык попадаешь» - дейді 6-сынып оқушысы.

Шындығын айта алмай, әбден дірілдеген немересінің аузын жауып, үйіне қуып әлек болған әжесі бірге тұрады екен. Ауруханадан шешесі де жартылай мас күйі келді. Өгей әкесі де оңбапты. Екі күннің бірінде ішеді. Учаскелік полицейлер тізімде тұрғанын айтады. Әйтеуір, жан-жақтан қоймаған соң, ақыры үйіне баса көктеп кіруге тура келді. Қақпадан кіре бергенімізде-ақ мұрынды жауып, аяқты аңдап бастық. 

«Занимаюсь учусь. Вот учебники. Да, сплю тут. С кем? Одна. Мне мама кровать купила. Теперь одна сплю». 

Ауладағы иттер де үй ішінде емін-еркін кезіп жүр. Тура шыбынның ұясындай, ұшатын жәндіктің түр-түрі осында. Тамақ үстелінде темекі тұқылы толып жатыр. Күйе басқан қазан-ошақ, көгерген заттармен араласып тұр. Жуынатын бөлме де жоқ. Бұл көрсеткен екі бөлмесінің сиқы. Шешесі жұмыстан қуылған. Көрінгеннің итін бағып күн көреді. Баланың мектепке сасып баратыны содан болар. 

- От вас перегар сейчас.

- Ну, вчера у мужа день рождения был. Собаками занимаюсь. За собак деньги получаю, - деді анасы Вероника. 
Отбасы бұл баспанада отыз жылдан бері тұрады. Қаланың қақ ортасында орналасқан. Он екі жыл бұрын айналасындағы барлық үйлер сүріліп, Радович әулетіне келгенде құрылыс тоқтап қалыпты. Баспананың төрт құбыласында терең қазылған төрт ор бар. Құлағалы тұрған үйді жалғыз темір тіреп тұр.  Сынып жетекшісі мен учаскелік полицейлер ай сайын тексеріп тұрғанымен бірде бірі білім бөліміне жеткізбеген бе, әйтеуір мемлекеттік қорғаушылар бізден естіп, ұшып жетті. 

«Жоқ біз білген жоқпыз. Біз бәрін бірдей біле бермейміз. Бұл жер санитарлық нормаға сай емес. Қыздың денсаулығына зиян келтіреді. Комиссия арқылы қызды алып кететін шығармыз. Біздің қадағалауымызда болады» - дейді Бостандық ауданы білім бөлімінің бас маманы Николай Хан. 

Білім бөліміндегілер отбасына тек үш күн ғана уақыт берді. Дүйсенбі күні тексеріске келгенінде үйдегі иттер мен айналасындағы қаптаған сүйектер түгелімен жоғалсын деді. Жөндеу жұмысы болмаса да, ең құрығанда шыбындарды кетіріп, тазалық сақтауын талап етті. Егер ол да орындалмаса, 12 жастағы қыз мемлекет қамқорына өтуі мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір