• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:57:41
Алматы
+35°

26 Қыркүйек, 2018 Аймақтар

Алматыда миграциялық ХҚО ашылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР ІІМ-мен бірлесіп, Алматы қаласында миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығын (МХҚО) ашты

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР ІІМ-мен бірлесіп, Алматы қаласында миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығын (МХҚО) ашты.

Айта кету керек, шетелдік жұмысшылары көп оңтүстік астанада биылғы жылдың басынан бері миграция бағыты бойынша  50 мыңнан аса қызмет көрсетілген. Енді еңбек мигранттары мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарының стандартына сай «бір терезе» қағидаты бойынша ала алады.

Бұл еліміздегі көші-қон қызметтерін көрсететін  үшінші орталық, алғашқысы осы жылдың басында Астанада, екіншісі шілде айында Шымкентте  ашылған болатын.

Бұрын шетелдіктер жұмыс істеуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарын рәсімдеп, бірнеше күн жүретін. ЖСН алып, салық мәселесін шешіп, медициналық тексерістен, дактилоскопиядан өтіп, сақтандыру анықтамасына қол жеткізу үшін бірнеше мекемені аралауға мәжбүр еді. Енді шетелдіктер құжаттарды бір жерде, бір сағаттың ішінде рәсімдеу мүмкіндігіне ие болды.

 «МХҚО-да шетелдік азаматтар мемлекеттік қызметтерді белгіленген уақыт ішінде регламентке сай бизнес үрдіс және электрондық кезек арқылы арнайы жабдықталған жұмыс орындарында ала алады. Бұл мигранттар үшін ғана емес, жұмыс беруші үшін де өте қолайлы. Жаңа МХҚО жұмыс барысын жеңілдетіп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын-алуға жол ашады.», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ғалым Қарқынбаев.

Жаңа фронт-офис Алматы қаласындағы Алғабас-1 ықшамауданы, «Атлетикалық қалашық»,  5/22 үй мекенжайында, көлемі 576 шаршы метрді құрайтын, заманауи ғимараттың екінші қабатында орналасқан. Орталықта мемлекеттік корпорацияның 31 маманы таңғы сағат 09.00-ден кешкі сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліссіз, күніне шамамен 1,5 мыңдай азаматқа қызмет көрсетеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір