• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:38:08
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2018 Аймақтар

Алматыда метрология жүйесі кешенді түрде дамитын болады

Алматыда «Қазақстан Республи­касында техникалық реттеудегі метрология және аккредиттеу жүйесін жетіл­діру» тақыры­бында баспасөз кон­фе­ренциясы болып өтті

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ала­ңын­да «Қазақстан Республи­касында техникалық реттеудегі метрология және аккредиттеу жүйесін жетіл­діру» тақыры­бында баспасөз кон­фе­ренциясы болып өтті. Брифингке ҚР Инвес­тициялар министрлігі Тех­никалық реттеу және метро­­логия комитетінің Алматы қаласы бойынша департа­ментінің басшысы Сауықбек Қапаев қатысып, белгі­ленген тақырып аясында ой өрбітті.

 Департамент басшысының айтуынша, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу жүйесін жаңғырту бойын­ша елдің ішкі нарығын өнімдерден, оның ішінде техникалық регламенттерді бұзу мен өндірілген азық-түлік өнімдерін қорғау мақсатындағы, бірқатар шараларды атқарады.

– Техникалық реттеу жүйесін жетілдіруді екі кезеңде жүргізу жоспар­ланып отыр. 1-кезең, 2018 жыл – стан­дарттау, метрология, аккредиттеу жүйесін жетілдіру. 2-кезең, 2019 жыл –  мемлекеттік бақы­лау жүйесі мен сәйкестікті бағалау саласын жетілдіру. Бұл ретте стандарттау жүйесін жетілдіру мақсатында өткен жылғы желтоқсанда Парламент Мәжілісінде бірінші оқылымда мақұлданған «Стандарт­тау туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы дайындалды. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, ұлттық стандарттау ерікті саланы – сапаны реттейді, ал техни­калық реттеу саласы міндетті түрде ретте­леді. Қабылданатын заң жобасынан күтілетін нәтижелер: Стандарттаудың ұлттық жүйесін үйлестіру және өлшем­дердің біртұтастығын халықаралық модель­мен қамтамасыз ету. Консенсустық ұлттық стандарттарды қабылдау және олардың рөлін арттыру. Отандық өнімдердің бәсе­кеге қабілеттілігі үшін жағдай жасау. Инно­вацияларды және технологиялар трансфер­тін ынталандыру, – деп атап өтті ол.

Айта кетейік, Парламент Мәжілісінің бірінші оқылымында қолдау көрсетілетін Метро­логия саласындағы «Өлшем бірлігін қам­тамасыз ету туралы» заңнамаға түзетулер енгізу арқылы стандарттар мен өлшем құралдарын калибрлеуден және мемле­кеттік метрологиялық бақылауға жаңа тәсілдерді енгізу мен калибрлеуден өту қарастырылған. Жаңа құрылымға сәйкес, мемлекеттік органдар мемлекеттік реттеу туралы өлшемдер тізбесін бекіту бойынша құзыретке ие болады.

Ал уәкілетті орган – НҚА-де және метрологиялық талаптарын белгілейді.

Мемлекеттік органдар әзірлеген норма­тивтік-құқықтық актілер метро­логиялық сараптамадан өтеді, оны Мемлекеттік ғылыми метрология орталығы жүзеге асырады, аталған функцияны «Қазақстан метрология институты» РМК атқарады.

– Жаңа және жетіспейтін аудандар үшін тестілеу базасын кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде. ҚР Кәсіпкерлік кодек­сіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу аясында өнімнің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын аккредиттеу субъектісінің жауапкершілігін күшейту мақсатында «Сәйкестікті растау саласындағы аккре­дит­теу туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу қарастырылуда, – деп сөзін қорытынды­лады Сауықбек Әріпұлы.

Серік Жұмабай

Алматы ақшамы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір