• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:25:07
Алматы
+35°

13 Қыркүйек, 2017 NEWS

Алматыда «Латын әліпбиіне өту ерекшеліктері» атты дөңгелек үстел болды

Философия ғылымдарының докторы Қазақбай Қасымов қазақ тілі латын әліпбиіне көшеді емес, оралады деп айту керектігін атап өтті

Бүгін Алматы қаласындағы Достық үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Қазақ тілінің латын әліпбиіне өту ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары Хамедов Әбілфас, Тілдерді дамыту басқармасының жетекшісі Мамай Ахметов, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қазбек Мамсуров және де Алматы қаласы этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен белсенді мүшелері, жастар және де басқалар қатысып, латын әліпбиіне қатысты өзіндік пікірлерін айтып өтті.

Философия ғылымдарының докторы Қазақбай Қасымов қазақ тілі латын әліпбиіне көшеді емес, оралады деп айту керектігін атап өтті.

«Бүгінде біз латын әліпбиіне көшу деп айтамыз. «Көшу» емес, латын әліпбиіне оралу деген дұрыс деп ойлаймын. Себебі, елімізде бірнеше жылдар бойы латын әліпбиі қолданылып келген. Ұлттық зорлықпен келіп зұлымдықты жайлатқан қызыл империя ұлттық құндылықтарымызға таршылық жасап, 1940 жылы 13 қарашада латын әліпбиін орыс тіліне көшіруге қаулы шығарды.

Қазіргі кезде мектеп оқушылары үшін, жастар үшін латын әліпбиін үйрену қиындық тудырмайды. Латын әліпбиіне оралу біз үшін экономикалық, саяси, мәдениет жағынан оң өзгерістер алып келіп, тәуелсіз еліміздің беделін одан сайын арттыра түседі», - дейді Қазақбай Қасымов.

Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ең маңызды басымдық ретінде қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңмен өтуді анықтады. Бұл жайында Тілдерді даму басқармасының жетекшісі  мемлекеттің рухани-мәдени дамуындағы аса маңызды кезең Ахметов Мамай мұны мемлекеттің рухани-мәдени дамуындағы аса маңызды кезең екендігін атап өтті.

«Біз бұл мәселеге жалпы мемлекет ретінде жүз ойланып, мың толғанып келгеніміз баршаңызға мәлім. Тәуелсіз ел болғаннан соң бірнеше жылдар бойы бұл мәселе түрлі мамандардың, қоғамдық ұйымдардың талқылауынан, сараптауынан өтті. Бұл қадамға біз үлкен дайындықпен келіп отырмыз.

Бүгінгі таңда латын графикасына көшуге қоғам дайын. Бұл уақытқа дейін латын әліпбиіне көшкен түркі халықтарының тәжірибелерін ескере отырып, осындай шешім қабылданып отыр.

Бүгінгі таңда сағат сайын, сәт сайын электронды құралдар жаңғыру үстінде. Сол себепті де, уақыттың талабына, ақпарат ық заманның талаптарына жауап беріп, сай болу қажет. Одан бөлек қоғам талабына да сәйкес болу үшін бүкіл халық болып, ел болып латын әліпбиіне көшуді қолдап отырмыз», - деп айтып өтті Мамай Ахметов.

Сонымен қатар, Тілдерді дамыту басқармасының жетекшісі латын әліпбиі – бүгінгі таңда күн тәртібіне қойылып отырған алдағы қатарлы мәселелердің бірі екендігін баса айтып өтті.

«Бүгінде біз қоғамдағы негізгі мәселе – латын әліпбиіне көшу мәселесін талқылап отырмыз. Бұл бастама қоғам тарапынан және де түрлі мәдени орталықтар жан-жақты тарапынан қолдау тапты. Латын әліпбиіне көшу үдерісі – дәл мерзімінде жасалып жатқан шара деп айтуға әбден болады», - дейді Мамай Ахметов.

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір