• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:10:35
Алматы
+35°

09 Қараша, 2018 NEWS

Алматыда корейліктер шағын несие компаниясын ашты

Салтанатты кешке BNK Capital Оңтүстік Корея компаниясының құрылтайшылары арнайы келіп қатысты

Алматыда BNK Finance компаниясының ашылуы болып өтті. Салтанатты кешке BNK Capital Оңтүстік Корея компаниясының құрылтайшылары арнайы келіп қатысты. Олар: Оңтүстік Кореяның бас консулы Чон Сынмин, Корея Қауымдастығының Президенті –Чо Сонгван, BNK Capital бас жетекшісі - Ли ДуХо, BNK Capital бас аудиторы - Чо Хенчжун, BNK FInance Kazakhstan Бас ди⁠ректоры –Пак Бенг Су.

BNK Finance компаниясы - микроқаржыландыру ұйымы болып табылады. Ол тұтынушыларға толығымен инвестициялаған, авто қаржыландыру (бөліп төлеу, лизинг, кредит беру), тұтынушылық кредит беру, қамтамасыз етілген кредиттер, жабдықтар лизингі, корпоративтік қаржыландыру және т. б. сияқты әртүрлі қаржылық қызметтерді ұсынады.э

Алматы

Іс-шарада ең алдымен лента қиылып, арнайы торт кесілді. Артынша компания басшылары тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.

BNK Capital басшысы Ли ДуХо «Қазіргі уақытта Лаос, Мьянма және Камбоджадағы компанияның 3 ресми өкілдігі жұмыс істеп жатыр. Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына шығу сәтті аяқталды. Осыған байланысты Орталық Азияда да, атап айтқанда оның жүрегі – Қазақстанда да кеңейтуге шешім қабылданды. Оңтүстік Корея мен Қазақстан әрқашан достық қарым-қатынаста. Осы орайда BNK Finance компаниясы одан әрі бірлігімізді нығайту үшін барлық күш-жігерімізді саламыз»- деді.

Алматы

Компания жаңадан ашылғанына қарамастан, оның клиенттік базасы белсенді түрде қызметін бастап кетті. Алғашқы екі клиентке LG маркалы кір жуғыш машиналар сыйлыққа табыс етілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір