• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:17:04
Алматы
+35°

09 Тамыз, 2018 Аймақтар

Алматыда «KAZAKH INVEST» компаниясының директорымен брифинг өтті

Ағымдағы жылдың І-жартыжылдығында капиталға салынған инвестициялар көлемі 851 млн доллар

Ағымдағы жылдың І-жартыжылдығында  капиталға салынған инвестициялар көлемі 851 млн  доллар.

Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы АҚ-ның Алматы қаласы бойынша  филиалының директоры Оразалиев Жандос Бақбергенұлы айтты.

Оның айтуынша,Алматы – Қазақстанның ірі қаласы қаласы және экономикалық орталығы, инвестициялық тартымды қалалардың көш басшысы. 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында республикалық деңгейде (20.3%), бұл басқа аймақтармен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш, көтерме сауданың жартысын (48%), бөлшектеп сатудың төрттен бір бөлігінен жоғарғысын (30%) қамтамасыз етті.

Қазақстан Әлемдік банктың Doing Business рейтингісі бойынша 36-шы орынды иеленіп тұр. Бұл ретте, аталмыш рейтингті шығарарда Алматы қаласының көрсеткіштері есепке алынғанын айта кету қажет.

Үстіміздегі жылдың қаңтар мен маусым аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 851 млн. АҚШ долл. құрады, бұл өткен жылдың қаңтар-маусым аралығындағы көрсеткіштерге қарағанда 22,7% өсім көрсетті.

Атап өткенімдей, KAZAKH INVEST басты функцияларының бірі инвестициялық жобаларды қолдау болып табылады, негізінен шетел капиталы бар жобалар. Осы бағытта KAZAKH INVEST Алматы қаласындағы өкілдігімен шетел капиталы бар, инвестициялар көлемі 414,8 млн. АҚШ долл. құрайтын 11 инвестициялық жобаға қолдау жумыстары атқарылып жатыр. Аталмыш жобалардың сәтті жүзеге асуы қаламызда 3 000 жоғары жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етеді. Бұл жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібі мен сауда салаларында. Үстіміздегі жылы жоспар бойынша инвестициялар көлемі 252 млн. АҚШ долл. құрайтын 7 жобаны іске қосу көзделуде. Мысалы, қытайлық ірі компания CNPC-дің үлкен диаметрлі дәнекерленген трубаларды өңдейтін Asia Steel Pipe Corporation зауытын, ресейдің Эстралин компаниясының кабельдік өткізгіштер өңдейтін KMK Investment зауытын, неміс капиталы бар электрлі автобустарды құрастыру зауытын іске қосу жоспарлануда. Қазігі таңда жапондық Tokyo Rope компаниясының соммасы 10 млн. АҚШ долл. құрайтын инженерлік жүйелерді қорғайтын өнім шығаратын өнеркәсібі іске қосылып, соммасы 32 млн. АҚШ долл. құрайтын француз бренді Леруа Мерлен құрылыс материалдар гипермаркеті ашылды. Егер аталмыш өнеркәсіп жапондық Tokyo Rope компаниясының 2-ші жобасы болса, француздық бренд Леруа Мерлен де қосымша тағы 2 жобаны жүзеге асыруға ниет білдірді. Жобалар пысықталуда.

Сондай-ақ, соммасы 73 млн. АҚШ долл. құрайтын 5 жоба байынша жұмыстар атқарылуда. Бұл жобалар: француздық бренд Decathlon спорттық тауарлар гипермаркеті, жоғары технологиялық кір жуу Cotton Way комбинаты, жаңа Нобел АФФ фармацевтикалық өнеркәсібі, мұнай сортаментінің құбырлық өнімдерін шығаратын Asia Steel Pipe Corporation компаниясының 2-ші зауыты-деп сөзін аяқтады Ж.Оразалиев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір