• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:49:32
Алматы
+35°

07 Тамыз, 2018 NEWS

Алматыда «I`m a singer» талант-шоуының екінші маусымының тұсауы кесілді

Биылғы маусымда сарапшылар да нағыз жұлдыздардан құралған. Олардың арасында Сәкен Майғазиев, Мақпал Жүнісова сынды әншілер бар

Бүгін Алматы қаласында 31 арнаның ұйымдастыруымен халықаралық «I`m a singer» талант-шоуының екінші маусымының тұсауы кесілді. Биылғы маусымның сыйлық қоры 50 000 000 теңге! Қазақстанда баламасы жоқ ғаламат жобаға бұл жолы да әлемнің әр түкпірінен ең мықты дауыс иелері жиналады.

7 тамыз күні Алматы қаласында 31 арнадан эфирге шығатын «I`m a singer» халықаралық талант-шоуының екінші маусымының басталуына орай журналистерге арналған таңғы ас ұйымдастырылды. Жоба жасаушылар мен сарапшылар жаңа маусымның басты жаңалықтарымен бөлісіп, ресми түрде жоба кастингінің аяқталғанын хабарлады.

31 арна

Жобаның бас ұйымдастырушысы – 31 арна биыл ғаламат шараның ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізген болатын. Бұдан былай шоуға 16 жасқа толған, өзінің талантына сенімді кез келген үміткер өтініш білдіре алады. 31 арнаның Бас директоры Бағдат Қожахметовтың айтуынша, Қазақстан тұрғынының да, өзге ел азаматының да жобаға қатысуға қақы бар. Өтініш қабылдау 2018 жылдың мамыр айында басталып, 28 шілдеде аяқталды.

31 арна

Жаңа маусымда жобаға шетелдерден бірқатар қатысушылар келеді деп күтілуде. Себебі бүгінгі таңда «I`m a singer» жобасына үш мыңнан аса адам өтініш жіберді. Олардың арасында Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Иран, Армения және Белоруссия мемлекеттерінен ниет білдіргендер де бар.

 «Бұл жоба - кел келген музыкалық эстраданың дәргейін көтеретін шоу, - дейді 31 арнаның Бас директоры Бағдат Қожахметов. – Ол жай ғана ән сайысы емес, оны жұлдыздардың өнері деп қарау қате. Ол, ең алдымен, өзінше драмтургиясы бар, әншінің ішкі жан тебіренісін бейнелейтін бірегей жоба. Мұндай жобалардың басым бөлігі көптің арасынан біреуді суырып алып шығып, жұлдыз жасауды мақсат тұтса, бұл шоудың мақсаты – керісінше, жұлдыздың да адам екенін көрсету. Ұқсастығы, екеуінің де құралы – ән».   

31 арна

Екінші маусым 2018 жылдың 9 қыркүйегінде эфирге жол тартып, 31 арнадан көрсетіледі. Ал MUZZON TV телеарнасы сахнадағы ғана емес, сахна сыртындағы қызықты жайттарды да көрерменге ұсынып, жобаның күнделігін жүргізеді.

Биылғы маусымда сарапшылар да нағыз жұлдыздардан құралған. Олардың арасында Сәкен Майғазиев, Мақпал Жүнісова сынды әншілер бар.

«Қазақстанда теңдесі жоқ мұндай ауқымды халықаралық жобаға қатысу – мен үшін үлкен мәртебе. Таланттарымызды өз көзімізбен көріп, бір марқайып қалатын болдық. Мұндай шоулар болашақ жеңімпаздардың, жас таланттардың жолын ашып, үлкен мүмкіндіктер сыйлайды», - деді сарапшы қазы Сәкен Майғазиев. 

 Баспасөз конференциясында сөз сөйлегендер:

  • Бағдат Қожахметов – 31 арнаның Бас директоры
  • Сәкен Майгазиев – «МузАрт» тобының әншісі, «I`m a singer» сарапшы қазысы;
  • Алтынбек Рахметов – қазақстандық продюсер, режиссер;

2017 жылы күз-қыс телемаусымының ең ауқымды музыкалық оқиғасы атанған «I’m a Singer» жобасының бірінші маусымына әлемнің 6 елінен ең мықты 8 кәсіби ән орындаушы қатысып, көрерменнің ерекше ықыласын оятқан болатын. Жүзден жүйрік шыққан әншіні таңдауға сарапшылар ғана емес, көрермендер де атсалысты. Олар залда отырып та, смс-хабарлама арқылы да дауыс берді. «I’m a Singer» шоуының бірінші кезеңінде қазақстандық әнші Қайрат Түнтеков жеңіске жетті. Ол финалда көрермендердің басым даусына ие болып, қарсыластарын басып озды. Жоба туралы толығырақ singer.31.kz. сайтынан біле аласыздар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір