• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:50:34
Алматы
+35°

22 Сәуір, 2018 Аймақтар

Өздеріңізге жақсы белгілі, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылдың 5 наурызында жария еткен 5 әлеуметтік баста­масы халқымыз үшін  аса маңызды бастама болды. Әсіресе, онда айқын көрсетілген басым бағыттар ел тұрғындарының әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайын жақсартуға негізделген болатын. Бүгінде елдегі мемлекеттік мекемелер мен оқу орындарында талқыға түсіп жатқан «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» халыққа үндеуі  бейсенбі күні   «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалында «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалының кезектен тыс отырысында төрағаның бірінші орынбасары М.Мұқа­нованың қатысуымен жиналыс болып өтті.  Ол өзінің  кіріспе сөзінде  Президент ұсынған  бес әлеуметтік  бастама жөнінде   жеке-жеке тоқталды.

Жиында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агент­тігі  басқармасының  бас маманы  Е.Қойлыбаев  бүгінгі таңда  белең алып отырған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде баяндама жасап, соған орай бейнебаян көрсетті. Содан кейін сөз алған Қазақстан тұрғын үй  жинақ банкінің  кеңесшісі З.Бояубаева мен  Бизнесті дамыту басқармасының бас маманы  Р.Рамаза­нов «Тұрғын үй жинақ банкісі» арқылы  жүзеге асатын «7-20-25» бағдарламасы  жастар үшін де,  жас отбасылары үшін де,  үйсіз жүрген жандар үшін де  шешімін тапқан  бастама екенін тілге тиек етті. Айта кететін жайт,  банктерде ақша айналымы жоғарылап, істеріне жан бітетіні белгілі. Өйткені  бағдарламадағы төменгі пайызбен ұзақ уақыт төлем төлеу  халықтың  тұрғын үйге деген сұранысын арттырады.

Осы ретте, «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары М.Серікқызы Елбасының «Жалақысы төмен  жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың  салық жүктемесін азайту»  бастамасы бойынша айтып өтті. Сондай-ақ, МСҚ Алматы қалалық филиалы  халықты ақпараттандыру  бөлімінің бас сарапшысы  Т.Пернебаев   міндетті медициналық сақтандыру туралы  жан-жақты  түсіндірді. Айта кететіні, Президенттің бұл бес әлеуметтік бастамасының аталған бағыттары  еліміздің  бірлігі жарасқан мемлекет болуға деген  ұмтылысы екенін білдіреді.

Жиынды «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының  төрағасы Ж.Сандықбаев жүргізіп отырды. Ал бұл іс-шараға бөлім басшылары, зертхана меңгерушілері, аудандық бөлімше басшылары мен мамандары  (барлығы 40 маман) қатысып, залдағы лэд-экраннан «Нұр Отан» партия­сының эмблемасы мен  Президенттің  бес әлеуметтік бастамасы  туралы  үндеудің  жазбалары  көрсетіліп тұрды.

Алматы ақшамы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір