• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:02:58
Алматы
+35°

24 Шілде, 2018 Аймақтар

Алматыда биыл 300-ге жуық жеделсаты жаңартылады

Осы уақытқа дейін қалада 130-дан астам көпқабатты үйдің лифтісі жаңартылған

Алматыда биыл 300-ге жуық жеделсаты жаңартылады.

Алматыда жеделсатылар жаңартылып жатыр. Осы уақытқа дейін қалада 130-дан астам көпқабатты үйдің лифтісі жаңартылған.

Ал биыл жалпы, 300-ге жуық жеделсаты жаңғыртылады. Тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы Алмалы ауданында қарқынды жүргізілуде. Ауданда биыл  көпқабатты 33 үйдің лифтісі ауыстырылмақ.  

Алмалы ауданындағы бұл көпқабатты үйдің тұрғызылғанына жарты ғасырдан асқан. Содан бері жеделсатысы ауыстырылмапты. Қолданыста болғанына 50 жылдан асқан лифт сыр бере бастаған. Жандарын шүбірекке түйіп отырып жүрген тұрғындар оны жаңғыртуды бір ауыздан қолдап, қазір оны алмастырыпты. 

«Жеделсатыға қорқынышпен кіретінбіз. Жоғары қабаттан төменге жете аламыз ба деп үрейленетінбіз. Себебі, ол жүргенде теңселіп тұратын. Тоқтап тұрып қалатын кездері де жиі болатын. Жалпы, бұл үйде 8 подъезд бар. Соның үшеуінің жеделсатысы ауыстырылды. Жыл аяғына дейін тағы екеуін жаңғыртпақпыз», – дейді Александра КОМАРОВА.

«Ақшасы көп емес. Біз 3 бөлмелі пәтерге мың теңге көлемінде ақша төлейміз. Ары қарай баға төмендей береді. 2 бөлмелі пәтер азырақ төлейді. Өте тиімді», – дей ді қала тұрғыны Нұргүл Қажытай.

Ал Қожамқұлов көшесіндегі мына үйдің жеделсатысы жақында ауыстырылмақ. Осы уақытқа дейін 70 пайыздан аса азамат оны ауыстыруға өз келісімін берген.

«Аптасына бір рет тоқтап қалуы мүмкін. Егер жарық болмаса дұрыс жұмыс істемей қалады. Дегенмен, бәріміз ауысқаны дұрыс деген оймен қол жинап жатырмыз», – деді тағы бір тұрғын Айман Омарова.

Алмалы ауданында осы жылы тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының аясында көпқабатты 33 үйде 75 жеделсаты жаңасына ауыстырылмақ. Осы уақытқа дейін тең жартысы алмастырылған.  

«Алмалы ауданында 1402 көп қабатты үйлер орналасқан. Соның ішінде 503 үйде 854 лифт орнатылған. Жаңғырту бағдарламасы бойынша 2017 жылы 15 үйде 40 лифт ауыстырылған болатын», – деді Алматы қаласы Алмалы ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Руслан Ацтанов.

Алматы қаласының тұрғын үй қорында шамамен, 3700 жеделсаты бар. Соның ішінде, 1500-ден астамы ауыстыруды қажет етеді. Тұрғын үйді жаңғырту бойынша биыл қалада 266 лифт жаңасына ауыстырылады. Ол өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір