• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:45:08
Алматы
+35°

02 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алматыда БҰҰ-ның «Жас Құрдастар» атты жастар желісінің өкілдігі ашылады

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде БҰҰ Тұрғын халық саласындағы қоры «Жас Құрдастар» атты жастар желісінің өкілдігі ашылады

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде БҰҰ Тұрғын халық саласындағы қоры «Жас Құрдастар» атты жастар желісінің өкілдігі ашылады.

Аталған оқу орнының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, бұл жайында Қыздар университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенованың  БҰҰ Тұрғын халық саласындағы қорының Қазақстандағы өкілі Джулия Валеземен және атқарушы өкілі Райымбек Сисемалиевпен кездесуі барысында белгілі болды.

Жүздесу кезінде Г.Алдамбергенова БҰҰ Тұрғын халық саласындағы қорының Қазақстан халқының тұрақты дамуы мен әл-ауқаты артуындағы елеулі үлесін атап өтті. Сонымен қатар, тараптар аталған қордың «Жас Құрдастар» атты жастар қозғалысымен бірлесіп, Қыздар университетінің студенттеріне гендерлік теңдік жайында, жастардың көшбасшылық деңгейін көтеру мақсатында семинарлар мен тренингтер өткізуге уағдаласты. Сондай-ақ, БҰҰ қорымен бірігіп жұмыс жасау жастарға тәлім-тәрбие беруде одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізетініне сенім білдірілді.

«Қара шаңырақ Қыздар университеті студенттердің тек оқу жетістіктеріне ғана емес, сонымен қатар қыздар тәрбиесіне, олардың көшбасшылық қасиеттері мен белсенді азаматтық жауапкершілігінің дамуына  да үлкен көңіл бөледі», - деді Гаухар Төремұратқызы.

Өз кезегінде қор өкілдері Қазақстан халқының тұрақты дамуы мен әл-ауқатын арттырудағы ұйымның елеулі үлесі турасында әңгімеледі.

«БҰҰ Тұрғын халық саласындағы қоры қызметінің негізгі міндеті ана денсаулығын жақсарту және әйелдер, жастар мен жасөспірімдердің өмірін жақсарту үшін нәпсіқұмарлық және репродуктивтік денсаулық пен репродуктивтік құқықтарды қорғауға жәрдемдесу арқылы даму саласындағы мыңжылдықтың бесінші мақсатына қол жеткізуге көмек көрсету», - деді Джулия Валезе.

Ол педагогикалық оқу орнымен болашақта бірлесіп атқарылатын жұмыстың маңыздылығын баяндады.

Д.Валезенің айтуынша, жастар арасында тәрбие беру мен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу, олардың жеке азаматтық позициясын қалыптастыру мен көшбасшылық әлеуетін дамыту бүгінде үлкен маңызға ие.

Сондай-ақ, кездесуде тараптар гендерлік саясат және әлеуметтік мәселелер тұрғысында жобаларды бірлесіп жүзеге асыру жайын да талқылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір