• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:40:08
Алматы
+35°

28 Сәуір, 2017 Әлеумет

Алматыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

27 сәуір күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде ЖОО-ға дейінгі білім беру мен Мансап бөлімінің ұйымдастырумен биылғы жылдың бітіруші...

27 сәуір күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде ЖОО-ға дейінгі білім беру мен Мансап бөлімінің ұйымдастырумен биылғы жылдың бітіруші түлектеріне арналған «Бос орындар жәрмеңкесі» болып өтті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі  «Қыздар университеті» медиа орталығына сілтеме жасай отырып.

Шараға университеттің 6 факультетінен 300-ге жуық түлек қатысты. Жәрмеңкеге Алматы облысынан және Алматы қаласы аудандық білім беру мекемелерінен 80-нен астам мемлекеттік ұйымдар қатысты. Бітіруші түлектер жұмыс берушілермен кездесіп өз түйіндемелерін беріп, қажетті ақпараттар ала алды. Жәрмеңкеде біраз жас сауалнама толтырып, келісімшарттарға қол қойса, тағы біразы ықпалдастыққа қол жеткізді. Жәрмеңкеде жалпы 100-ден астам бос орын ұсынылды. Көпшілігі, әр түрлі пән мұғалімдері мен мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеші қызметтері. Жәрмеңкеге қатысқан білім мекемелері университетімізде оқытылатын барлық педагогикалық мамандықтарға сұраныс жоғары екенін айтты.

Шара аясында  Атырау облысынан келген жеке меншік «LETS» білім беру орталығының өкілдері студенттерге шеберлік сыныбын өткізді.

Жәрмеңкеден кейін жұмыс беруші өкілдермен Қыздар университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Әділет Тойбаев кездесу өткізді. Кездесу барысында бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, талқыланды. Кездесуге қатысқан жұмыс беруші мекеме өкілдері басқа оқу орындарымен салыстырғанда Қыздар университеті студенттерінің бұл жәрмеңкеге деген қызығушылықтары өте жоғары екеніндігін атап өтті. Шара соңында Ә.Тойбаев болашақ жас мамандарды жұмыспен қамту мәселесіне айрықша мән беріп, ықпалдастыққа үнемі мүдделілік танытып жүрген ұйымдар мен мекеме басшыларына ризашылығын білдірді.

«Көп жағдайда қолдарына дипломдарын енді ғана алған бітіруші түлектер үшін жұмысқа орналасу қиын боп жатады. Бүгінгі шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз сол жас мамандарға жұмысқа тұруға жәрдемдесу. Жыл сайын осы шаралардың арқасында көптеген студенттеріміз жұмысқа орналасып кетті. Мәселен, өткен жылы бітірген 1 800-ден астам  студенттің 1500-і жұмысқа орналасты. Сондықтан бұл жәрмеңкенің жастарға берері мол», дейді ЖОО дейінгі білім беру мен Мансап бөлімінің басшысы Қалимаш Елшібаева.

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір