• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 17:23:29
+35°

30 Қараша, 2018 Аймақтар

Алматыда бос жатқан жерге балалардың спорт кешені салынды

Алматыда Тұңғыш Президент күнінің қарсаңында көпфункционалды «Жарыс Арена» спорт кешені ашылды

Алматыда Тұңғыш Президент күнінің қарсаңында көпфункционалды «Жарыс Арена» спорт кешені ашылды. Жоба демеушілер қаржысы есебінен жүзеге асты, кешен Орбита-3 ықшам ауданындағы №40 жалпы білім беретін мектеп аумағына орналасқан.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға және кем дегенде 100 денешынықтыру-сауықтыру кешендерін салу қажеттігіне назар аударған еді.

Ел Президенті қойған міндеттерді орындау мақсатында Алматыда қаланың инфрақұрылымын модернизациялау, спорт орталықтары мен алаңдарын реконструкциялау және ашу жұмыстары белсенді түрде жүруде. Осы ретте мемлекеттік-жеке әріптестік аясында іске асатын жобаларға айрықша мән берілуде. Өз кезегінде көпфункционалды «Жарыс Арена» спорт кешені Мемлекет басшысы Жолдауын жүзеге асыру аясындағы алғашқы объект болып табылады.

«Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық спортты және еліміздің спорттық инфрақұрылымын дамытуға тұрақты назар аударуда. Өздеріңіз көргендей, жеке сектор мемлекеттің қолдауы барысында үлкен жұмыстарды атқаруда, соның арқасында біздің балаларымыз спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын қалыптастыруда тамаша мүмкіндіктерге қол жеткізіп отыр. Уақыттан тыс кездері мұнда жақын орналасқан аудандар тұрғындары да спортпен айналыса алады», - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір