• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:35:15
Алматы
+35°

13 Қараша, 2018 Аймақтар

Алматыда бірқатар онлайн дүкен иелері табыс салығынан босатылды

Оның ішінде 27-сі заңды тұлға болса, ал қалған 30-ы жеке тұлға ретінде тіркелген

Алматыда 57 интернет саудамен айналысатын саудагерлер енді табыс салығын төлемесе де болады. Бүгінгі таңда Алматы қаласында электронды саудамен айналысатын 57 кәсіпкер тіркелген. Оның ішінде 27-сі заңды тұлға болса, ал қалған 30-ы жеке тұлға ретінде тіркелген.

Алматылық интернет дүкен иелері электроника, киім, аяқ киім тағы басқа да халық тұтынатын тауарларды интернет кеңістігінде сатумен айналысады.

2018 жылдан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес электронды саудамен айналысатын кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Бұл жеңілдіктер интернет саудадан түскен табыс кәсіпкердің барлық табысының 90%-ын құраған жағдайда ғана беріледі.

Сонымен қатар, сатып алу кезінде төлем тек қана карточкамен жүруі керек. Сатып алушымен мәміле электронды түрде жасалуы, сатушының өзінің жеткізу қызметі жұмыс жасауы маңызды рөл атқарады.

Жоғарыдағы аталып өткен талаптардың барлығына сай болған жағдайда электронды саудамен айналысатын кәсіпкер салық органдарына тіркелуге міндетті.

Сондай-ақ, осыған дейін Алматы полициясының интернет пабликтерді бақылайтын яғни видео мен фото салынған пабликтерді бақылау үшін арнайы жұмыс тобы жұмысын бастаған болатын. Оның құрамына әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі, заң бөлімі, департаменттің баспасөз қызметінің мамандары қызмет атқаруда. 

Айта кетелік, елімізде өткен жылы электронды сауда көлемі 30%-ға өсіп 1 миллиард долларға жеткен болатын. Қазақстандағы электронды сауда нарығы отандық интернет-дүкендерінде және электрондық қызметтер сайттарында сатып алу саны бойынша ТМД елдері үштігінің қатарына енді. Биылғы жылы мамандардың айтуынша онлайн сатылым мен онлайн қызмет көрсету кем дегенде екі есе ұлғаяды. Электронды сауда саласында алдыңғы рөлге шағын және орта бизнес өкілдері шығады.

Назар аударатын тағы бір үрдіс - Орталық Азия елдерінің нарығында интернет-дүкендер желісі дамып, ақшасыз төлем платформалары құрылудың нәтижесінде қазақстандық кәсіпкерлер бұл бағытта жұмыс жасауда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір